«Екібастұздың» алты бірдей ойыншысы «Ақсуда» қаралымнан өтуде

«Екібастұздың» алты футболшысы ҚПЛ дебютанты «Ақсумен» бірге оқу-жаттығу жиынына аттанды, деп хабарлайды KazFootball.kz.

«Ақсу» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына «Екібастұздың» алты футболшысын алып кетті. Олар: қақпашы Шыңғыс Нариман, қорғаушы Павел Боркунов, жартылай қорғаушылар Есен Хасанов, Дамир Марат, Асланбек Кәкімов, сондай-ақ шабуылшы Арман Смайылов.

Сонымен қатар жиынға «Екібастұздың» экс-жаттықтырушылары Сергей Якушин мен Руслан Нарымбаев та аттанды.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!