ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Букмекер №1 в Казахстане
Лучший букмекерский бренд*
Самый надежный букмекер
Лучший киберспортивный букмекер
Лучший букмекер 2025*
Новый казахстанский букмекер

EFC-33. Хабибтің турнирінде қазақстандық спортшылар қалай өнер көрсетті?

9 ақпан Мәскеуде өткен Eagle Fighting Championship – 33 (EFC) турниріне бірнеше қазақстандық спортшы қатысты. Чемпиондық белбеуге таласқа түскені де болды. Назарларыңызға отандастарымыздың нәтижелерін ұсынамыз.

Қазақстандықтар сапынан октагонға алғаш болып Жасұлан Әкімжан (6-2) шықты. Қарсыласы ресейлік Олег Петеримов (11-8) болды. Олегтің сегіз бұрышқа шықпағанына бір жарым жылдың көлемі болған екен. Кездесу барысында Әкімжан қарсыласынан басым болып, бірауыздан төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Бұл Жасұланның EFC-дегі екінші жеңісі. Желтоқсанда EFC-30 аясында ресейлік Тимур Акабаны да төрешілердің шешімімен жеңген еді.

Келесі кезекте жартылай орта салмақтағы қазақстандық файтер Исатай Теміров (9-3-1) ресейлік Расул Маммаевпен (10-3) күш сынасты. Өкінішке орай, 29 жасар атыраулық Исатай төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіліп қалды. Осылайша соңғы екі жылда алғашқы рет жеңілді.

Аса жеңіл салмақтағы қазақстандық Руслан Сәриев (12-1) EFC чемпиондық белбеуіне таласта ресейлік Мансур Малачиевке (9-0) тізе бүкті. Бұрын жеңіліс көрмеген қос файтер тартысты жекпе-жек өткізді. Үшінші раундта 29 жасар дагестандық 23 жасар қазақстандықты қылқындыру әдісімен жеңіп кетті. Осылайша Руслан мансабында алғашқы рет жеңілістің ащы дәмін татты.

Қазақстан атынан сегіз бұрышқа соңғы болып ауыр салмақтағы Акбар Таиров (3-1) шықты. Ол ресейлік қарсыласы Константин Андрейцевті (16-14) 84 секундта сұлатып түсірді. Бұл Акбардың мансабындағы үшінші жеңісі, ал Константин 14-ші рет қарсыласына есе жіберді.

Қазақстандық файтерлер Хабиб Нурмагомедовтың турнирінде осылай өнер көрсетті. Төрт спортшымыздың екеуі жеңіс тойын тойласа, екеуі өкінішке орай, жеңіліп қалды.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!