Дмитрий Попко Португалиядағы турнирді сәтті бастады

Қазақстандық Дмитрий Попко Португалиядағы Оэйраш челленджер турнирін сәтті бастады.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, әлемнің 159-ракеткасы Д.Попко жүлде қоры 45 мың еуродан асатын жарыстың алғашқы айналымында дүниежүзілік рейтингте 250-орында тұрған чехиялық Далибор Сврчинамен кездесті.

Екі сағаттан астам уақытқа созылған тартысты матчта қазақстандық спортшы 6:4, 3:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Попко ширек финалға шығу үшін әлемнің 227-ракеткасы, мажарстандық Джомбор Пирошпен таласады.

Қазақстандықтар Денис Евсеев пен Тимофей Скатов алғашқы айналымнан аса алмады. Евсеев мажарстандық Фабиан Марозжанға жол берді – 2:6, 3:6. Ал Т.Скатов тәжірибелі чехиялық Лукаш Росолдан ұтылды – 6:7 (5:7), 6:7 (5:7).

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!