ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Денкович: «Қазақстанға келуімді сұрап күн сайын қоңырау шалды»

Қызылордалық «Қайсар» осыдан бірер күн бұрын Суботицаның 29 жасар сербиялық Стефан Денковиті қатарына қосқан болатын. «Црвена Звезда» футбол клубының түлегімен қызылордалық клуб әрі қарай создыру мүмкіндігімен бір жылға келісім-шартқа отырды. Балқан футболшысы Европа мен Азияның түрлі елдерінде доп теуіп үлгерген, сондықтан Қызылордаға үйренісуі онша қиындық тудырмауы керек.

Қазақстандық жанкүйерлер 2017 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде «Астананың» черногоиялық «Сутьескамен» ойынында бұл ойыншы алаңға қосалқы құрамнан қосылған еді. Дәл сол ойыннан кейін Қазақстан чемпионының назарын аударған... Осы және өзге мәселелер төңірегінде Стефан Денкович республикалық Sports.kz порталының тілшілеріне берген сұхбатында айтты.

— Стефан, «Қайсардың» ұсынысы сізді несімен қызықтырды?

— Мен еурокубоктың іріктеу сынында «Астанаға» қарсы ойнағанмын. Бұл елде көптеген сербиялық ойыншылар доп тепкен. Мұнда ойнау — өте жақсы мүмкіндік деп білем.

— Сіз көптеген мемлекеттерде ойнап көрдіңіз. Легионер ретінде өзіңізді жақсы сезінесіз бе? Жаңа елге тез үйренісе аласыз ба?

— Иә, мен шет елдерде ойнау үшңн өз елімнен жас кезімде кеткем. Сондықтан маған бұл мәселе емес. Өте жас шағымда Израильде ойнадым. Польша мен Венгрияда ойнағаным тағы бар. Оған Таиландты қосыңыз (күлімсіреп).

— Менің білуімше, сіз, негізінен, шабуылдың сол қапталында ойнайсыз. Мен дұрыс айттым ба?

— Иә, сол қапталдағы вингер ролін атқарамын. Бұл менің алаңдағы сүйікті позициям. Бірақ шабуылдың оң қапталында да, шабуылшының артындағы жартылай қорғаушы болып та ойнай алам.

— Сербияда туылсаңыз да, Черногория жастар құрамасында ойнаған екенсіз. Неліктен?

— Себебі біз бұрын бір ел болғанбыз, Сербия мен Черногория екіге бөлінгеннен соң менде екі елдің де азаматтығы болды. Сондықтан мен Черногорияға ойнадым. Алайда черногорияда мүлде туысқандарым жоқ.

— Қазақстан футболы жайлы білетін бе едіңіз?

— Білемін, Сербиядан көп футболшылар осы жерде ойнаған — олардың бәрінің айтатыны Қазақстан чемпионаты жақсы және әдемі жер.

— «Қайсарға» ауысуыңыз сіздің мансабыңыздағы алға жылжу деп ойлайсыз ба?

— Иә. Алдағы маусымда жақсы нәтижеге жетеміз, мен командама бұл мақсат жолында көмектесе алатыныма сенімдімін.

— «Қайсарда» сізбен бірге Вук Митошевич ойнайды. Ол сізге Қызылорда жайлы, Қазақстан жайлы айтты ма?

— Иә, әрине. Вук — менің ескі досым. Біз бұл тақырып жайлы көп сөйлескенбіз. Ол маған команданың бапкері мен ойыншылары туралы барлық жақсы нәрселерді айтып берген болатын. Маған осында келуімді сұрап күн сайын қоңырау шалатын (күлімдеп).

— Бұрын-соңды Қазақстаннан ұсыныстар түсті ме?

— «Астанамен» еурокубокта ойнағаннан кейін, сол клубқа ауысу жайлы біраз жайттар болған. Бірақ бұл іс аяғына жетпеді.

— Жаңа командадан алған әсеріңіз қандай?

— Барлығы тамаша. Ойыншылар да, командадағы басқа адамдар да өте жақсы кісілер екен, келген бетте өздерінің құшақтарын айқара ашып қарсы алды. Мен мұнда бақыттымын және алда бізді үлкен жетістіктер күтетініне сенемін.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!