ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Дөрекі ойыны үшін 5 матчқа шеттетілген «Қайсар» футболшысы қарсыластан кешірім сұрады

«Қайсар» мен «Оңтүстік Академия» арасындағы кездесуде қызыл қағаз алып, алаңнан қуылған Елисей Горшунов жанкүйерлер мен қарсылас команданың футболшысы Қахраман Хасановтан кешірім сұрайды, деп жазады клубтың баспасөз қызметі.

«Қайсар» мен «Оңтүстік Академия» арасындағы кездесу өте тартысты болды. Ойын сәті болғандықтан кейбір әрекеттеріміз байқаусызда кері әсерін тигізді. Шыны керек, Қахраман Хасановпен допқа талас сәтінде басымыз байқаусызда соқтығысып қалды. Бұл әдейі істелмеген әрекет екенін жеткіземін. Футбол талас пен тартыс болғандықтан ондай сәттер жиі кездеседі. Сондықтан қолайсыздық танытқаным үшін жанкүйерлерден және жарақат алған Қахраман Хасановтан кешірім сұраймын! Қахраманның денсаулығына қуат беріп, алаңға тез оралуына тілекшімін», – деді Елисей Горшунов.

Естеріңізіге сала кетсек, ҚФФ-ның бақылау-тәртіптік комитеті Горшуновты бес матчқа шеттетіп, қызылордалық командаға 50 АЕК мөлшеріндегі айыппұл салған еді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!