ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Биыл командада бес шетелдік ойыншы өнер көрсетеді». «Қайсар» бапкері жаңа маусым жайлы ойымен бөлісті

Бүгін өңірлік коммуникациялар алаңында «Қайсардың» директоры Жағыппар Жұмахметов пен бас бапкер Сұлтан Әбілдаев БАҚ өкілдерімен кездесіп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Клуб директоры Жағыппар Насрадинұлы биылғы маусымдағы команданың жаңалығы мен мақсатына тоқталды.

– «Қайсар» футбол клубы биылғы біріншілікте жоғары мақсаттарды орындайды. Яғни команда Сыр жанкүйерлерін қуанту үшін алаңда тер төгеді. Премьер-лигаға қайта оралуға тыңғылықты дайындалдық. Үш оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды. Оның екеуі Қызылорда қаласында өтсе, біреуі Түркия елінде жүргізілді. Жиын барысында 50-ге жуық футболшыны қаралымнан өткізіп, 25-ін іріктеп алдық. Жаңадан бапкерлік штаб бекітілді. Спорт директоры қызметіне Серік Сағындықов тағайындалса, бас бапкердің көмекшісі ретінде Марат Еслямов таңдалды. Екеуі де тәжірибелі мамандар. Сонымен қатар дене және қақпашылардың жаттықтырушысы болып жергілікті мамандар Қанат Алиев пен Артур Ким бекітілді, – деді клуб басшысы.

Команда құрамын толықтырған жаңа футболшылардың әлеуеті мен біріншілік барысында қасқырлардың негізгі қарсыласы туралы бас бапкер Сұлтан Әбілдаев аз-кем тоқталды.

– Қызылорда қаласында ұйымдастырылған екі жиында жергілікті футболшыларға іріктеу жүргіздік. Өздерін жақсы көрсеткен 11 футболшыны таңдап алдық. Команда құрамы жаңарғандықтан бізді біршама жұмыстар күтіп тұр. Сондай-ақ Түркияда тәжірибе жинақтау барысында 4 командамен жолдастық кездесу ұйымдастырдық. Қарсыластар Швеция, Дания, Ресей, Украина елдерінің командалары болды. Биыл команда құрамында 2 легионер, 3 экономиналық одақтың футболшылары болады. Командаға қосылған жаңа футболшылар бапкерлік штабтың ақыл-кеңесімен таңдалды. Мақсат Байжанов, Руслан Сахалбаев, Елжас Алтынбеков секілді тәжірибелі ойыншыларымыз «Қайсардың» жаңа мақсаттарын орындауға септігін тигізеді. Қазір команда Қызылорда қаласында соңғы дайындығын пысықтауда. Тек бразилиялық Жоау Педро мен Мамаду Диалло виза мәселесіне байланысты елімізге келе алмауда. Аталған футболшылар сәуір айында қосылады деп жоспарлануда. Биылғы біріншілікте негізгі қарсыластарымыз – «Оқжетпес», «Жетісу» және «Қыран» командасы, – деді бас бапкер.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!