ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Байсуфинов Финляндияға қарсы ойын алдында Айымбетовтің құрамадан «қашуы», Шомконың сылбырттығы туралы айтты

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов ӘЧ-2022 іріктеу кезеңі аясындағы Финляндияға қарсы матч алдында өткен баспасөз мәслихатында журналистердің сұрағына жауап берді.

— Екі күннің ішінде көп жаттығу жасап та үлгермейсің. Жігіттермен тек теориялық жағынан сөйлестік. Кеше бір жаттығу өткіздік және бүгін тағы бір жаттығу өткіземіз. Өз алаңымыздағы соңғы ойын болғандықтан, тек жеңіс туралы ғана ойлаймыз.

— Қазақстан құрамасының соңғы ойындарында нақты бір құрам болмады. Не себепті Қазақстан құрамасында тұрақтылық жоқ?

— Құрамамыздың негізгі ойыншылары жарақат алып қалды. Олар кімдер? Санап шығайық. Серікжан Мужиков, Асхат Тағыберген және Александр Марочкин. Ал Азат Нұрғалиев отбасы жағдайына байланысты сұранып кетті. Шабуылшыларға келер болсақ, Артур Шушеначевта да жарақат бар. Осындай жағдайларға байланысты құрама ойыншыларын алмастырып отыруға мәжбүрміз.

— Владислав Васильевтің алаңға шығуға мүмкіндігі бар. Бұл дегеніміз Қазақстан құрамасы бір шабуылшымен ойнайды деген сөз бе?

— Иә, Влад сары қағазын өтеді. Бірақ оның алаңға шығу-шықпауы белгісіз. Қазіргі дайындықтан кейін көреміз.

— Боснияға қарсы кездесуде бірінші голға тікелей Стас Покатиловтың кінәсі бар деп айттыңыз. Ертең қақпада Щацкийді күте берсек бола ма?

— Ол ойыннан кейін мен Стаспен сөйлестім. Гол кірген сәтті талқыладық. Енді ертең кім тұратыны әлі белгісіз. Бүгін қақпашылардың бапкерімен сөйлесемін. Ал кім шығатынын ертең көресіздер.

— Абат Айымбетовтің жағдайы туралы айтып берсеңіз. Ол ұлттық құрамаға жарақатына байланысты шақырту алмады. Бірақ кеше «Астана» сапында ойнап, гол да соқты…

— Мен «Астана» командасының басшылығымен сөйлестім. Осыған дейін Айымбетовтің жарақаты болған. «Астана» сол себепті Абат құрамаға келе алмайды деді. Бірақ «Оқжетпеске» қарсы жолдастық кездесуде ойнап, гол да соққанын естіп, елордалық клубтың басшылығы мен дәрігеріне хабарластым. Олар 20 минуттан төрт тайм өткізіп, Айымбетов алаңда болар-болмас уақыт ғана ойнапты.

— Дмитрий Шомко Босния және Герцоговинаға қарсы кездесуге дайын болмаған сияқты…

— Мен қатемді мойындаймын. Иә, Дима дайын болмады. Мен оның тәжірибесіне сеніп шығардым. Енді қараңыздар, біздің құрамада бұл позицияда кім бар? Руслан Валиуллиннің жағдайын білесіздер. Ал Мақсат Тәйкенов әлі жас. Гафуржан Сүйімбаев болса, жарақат алған. Басқа кімді шығарамын? Мұны біз де ойландық. Шешім шығарамыз.

— Асхат Тағыбергеннің ертеңгі ойынға дайындығы қалай?

— Тағыберген кеше ғана бізбен жаттығу өткізді. Оның жарақаты болды. Ертең Асхаттың шығу-шықпауы белгісіз.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!