ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Байсуфинов «Атыраудың» Түркиядағы жаттығуына қатысты

Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабы «Атырау» футбол клубының жаттығуларына қатысты, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

«Бүгін Талғат Байсуфинов бастаған ұлттық құрама командасының бапкерлер штабы «Атырау» футбол клубының жаттығуларына қатысып, ойыншылардың физикалық деңгейіне тестілеу шараларын өткізді. Бұл шаралар қазақстандық ойыншылардың физикалық жағдайы бойынша ортақ деректер базасын қалыптастыру мақсатында қолға алынып отыр. Футболшылар жылдамдық төзімділігіне бағытталған тестілерді орындап шықты. Ұлттық құрама бапкерлері тестілеудің нәтижелері бойынша атыраулықтардың дайындығына жоғары баға берді», – делінген клубтың ресми парақшаларында.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!