ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Байерді» ұшырған «Рот-Вайсс»: Өзіл мен Пеленің клубқа қатысы һәм чемпиондық маусым

Төменгі дивизионның клубтары таңқалдырудан жалығар емес. Бірі «Баварияны», бірі «Реалды», ал енді біреуі «Атлетиконы» жарыс жолынан ығыстырса, күні кеше төртінші дивизионның «Рот-Вайсс Эссен» клубы овертаймда камбэк жасап, 2:1 есебімен Германияның азулы ұжымдарының бірі леверкузендік «Байерді» турнирден шығарып салды.

Ал енді осы бір осалдардың қатарынан саналған, бірақ терең тарихы бар клуб жайлы азды-кем ақпаратты Meta-ratings.kz тілшісі Марғұлан Жақып назарларыңызға ұсынады.

Кубоктік ойында жеңіске жету таңсық емес, одан да ірі жетістік болған...

Клуб 1907 жылдың 1 ақпанында Германияның Эссен қаласында құрылған екен. Демек түнеугүні ғана өткен туған күндеріне бұл бір тамаша сыйлық болыпты. Эссендіктердің Германия футбол сахнасындағы тарихи жетістіктері 1953 жылдан бастау алады. Өйткені сол жылы олар алғашқы ірі жетістіктеріне қол жеткізді. 1953 жылдағы Германия кубогінің жеңімпазы атанды. Мұнымен тоқтап қалмай, араға екі жыл салып, клуб тарихындағы ең айтулы жетістікке жетті. 1955 жылы Германия чемпионатында шашасына шаң жуытпай, алтыннан алқа тақты. Осыдан кейін Германияның атынан Еуропалық чемпиондар кубогіне қатысты, бірақ алғашқы айналымнан-ақ жарыс жолынан шығып қалды. Қалған маусымдарда анау айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізе алмады. Бундеслигада сегізінші орыннан ары көтерілуге шамалары келмеді. Ал 1976/77 жылғы маусымнан кейін Бундеслиганың маңайына да жолай алмай жүр. 1953 жылғы кубоктегі жеңісті жолды қайталағылары келіп, 1994 жылы Германия кубогінің финалына дейін жеткенмен, ақтық кезеңде бремендік «Вердерден» сан соғып қалды. Араға 27 жыл салып, 1994 жылдан кейін ширек финалға шығып тұрғандары осы.

Месут Өзіл әр трансфері сайын бұл клубқа қыруар пайда әкеліп отыр

Неге дейсіз ғой? Өйткені Өзіл 2000-2005 жылдар аралығында эссендіктердің жастар клубында өнер көрсеткен. Сол себепті де Месуттің әр ауысымынан клубқа қаражаттың шамамен 1%-ы түсіп отырады. Мысалы, Өзіл «Реалдан» «Арсеналға» ауысқанда клубтың қазынасы 425 мың фунтқа майланған. Осыдан кейін тіпті клубтық акциялары да қымбаттап кетіпті. «Рот-Вайсстың» президенті Өзілдің «Арсеналда» ұзаққа аялдап қалғанына қынжылып, Өзілге өзі мансап жоспарын құрыпты: «Месут ПСЖ-ға ауысып, Парижде бір жыл болып, кейін «Миланға», одан кейін «Бавария» тамаша нұсқа болар еді. Сосын өзі қалағандай Стамбулға, кейіннен Американы мойындатып, содан кейін Қытайға кетсе, ол жақта қомақты ақша төлейді емес пе, иә? Әр жыл сайын үлкен трансферлер болса, ол клубтың құрметті азаматы болар еді», – деп қалжың аралас қалауын айтқан екен. Эссендіктердің көптен күткен трансферінде Өзілдің еркін агент атанғаны клубқа ауыр соққы болған болар.

«Рот-Вайссқа» футбол королі Пеленің де қатысы бар

Жалпы клуб тарихында Месуттен бөлек те бірнеше танымал ойыншылар доп тепкен: 1989-1991 жылдар аралығында клубта Бундеслигада бір кісідей атой салған Марио Баслер ойнаған. Одан бөлек ойыншы ретінде аса танымал болмаса да, бапкер ретінде 2004 жылы Грецияны тарихи жеңіске жетелеп, Еуропа чемпионы қылған, үш мәрте Германия чемпионатын ұтқан Отта Рехагель «Рот-Вайсста» үш жыл тер төккен. Сонымен қатар «ақ-қызылдар» сапында неміс футболының «боссы», Әлем чемпионы, Германия тарихындағы үздік шабуылшылардың бірі Хельмут Ран кәсіби мансабының сегіз жылын өткізіпті.

2005 жылы эссендіктер аты әлемге мәшһүр бразилиялық Пелеге «клубтың құрметті мүшесі» атағын береді. Сол кезде Пеле: «Босстың» (Хельмут Ран) өзі ойнаған клубтың бір бөлігі болу мен үшін абырой», – деген екен..

Жоғарыдағы фотосуретте Пеле ұстап тұрған жейдені клуб аукционға қойып, 6000 еуроға сатып, ақыл-есі кем адамдардың баспаналы болуына көмектесетін қорға салып, қол соғарлықтай іс істепті.

«Рот-Вайсс» барлық турнирлерде қатарынан 32 матч бойы жеңілмей келеді. 32 матчтың бесеуі тең аяқталса, қалғанында жеңіс тойын тойлаған. Германияның төртінші деңгейлі батыс аймақтық лигасында 22 ойыннан кейін 54 ұпай еншілеп, екінші орында келеді. Үшінші лигаға көтерілудегі басты қарсыластары «Боруссия Д II» клубы. Олар «Рот-Вайсстан» бір ойын артық өткізіп, 56 ұпаймен көш бастап тұр.

Сонымен қатар «Баварияны» 1/16 финалда тізе бүктірген «Хольштайн Киль» командасының 1/8 финалда «Дармштадт 98-ді» де бұйым көрмей, ширек финалға жолдама алғанын да айта кеткеніміз жөн.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!