ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Қазақстандық теннисшілер Мароккодағы жарыстың ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисшілер Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық сында Марракеш (Марокко) ATP 250 жарысының ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Турнирдің 1-ракеткалары болып тіркелген А.Голубев франциялық Фабрис Мартенмен бірге бастапқы кездесуін нидерландылықтар Таллон Грикспур – Ботик Ван де Зандшульппен өткізді.

Тартысты өткен матчта бірінші партияда нидерландылық жұп тай-брейкте сәтті ойнады – 7:6 (8:6). Екіншісінде Голубев пен Мартен есе қайырды – 7:6 (7:2). Сосын супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 10:6.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында қазақстандық-франциялық жұп 2 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Қарсыластары 3 эйс, 1 брейкпен (2 брейк-пойнт) көзге түсті.

Недовесов пәкстандық Айсам Курешимен бірге доданың 2-ракеткалары, бельгиялықтар Сандер Жилле – Йоран Флигенді бір сағаттан сәл астам уақытта 6:3, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Недовесов пен Куреши 4 эйспен бірге 3 брейк-пойнттың екеуін өз есебіне жазды. Бельгиялық жұп 4 эйспен шектелді.

Қазақстандықтардың ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!