Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Колумбиядағы Перейра челленджер турнирінің финалына шықты.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Ломакин украиналық Олег Приходькомен бірге жартылай финалда осы жарыстың бірінші ракеткалары, колумбиялық Николас Баррьентос – мексикалық Мигель Анхел Рейес Вареламен шеберлік байқасты.
Қазақстандық-украиналық жұп қарсыластарын 6:3, 7:6 (7:3) есебімен ұтты.
Осылайша Ломакин өз спорттық жолында екінші рет челленджер турнирінің финалына шықты.
Ломакин мен Приходько шешуші бәсекеде венесуэлалық Луис Мартинес – колумбиялық Кристиан Родригеспен бас жүлде үшін таласады.
Финал елорда уақытымен сағат 00.00-де басталады.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.












