ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Қазақстандықтар Бейжің Паралимпиадасын тікелей эфирден көре алады

«Qazsport» телеарнасы 2022 жылғы Қытайда өтетін XІІІ Қысқы Паралимпиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды арнаның баспасөз қызметі.

Қазақстандықтар 4-13 наурыз аралығында Бейжіңде өтетін Қысқы Паралимпиада ойындарын «Qazsport» телеарнасында тікелей эфирде көре алады.

XІІІ Қысқы Паралимпиадаға қатысатын Қазақстан құрамасынан Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Денис Петренко, Юрий Березин және Сергей Усольцев пара шаңғы және пара биатлон спорт түрлерінен ел намысын қорғайды.

Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты 4 наурыз күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 18:00-де басталады. Еліміздің туын пара шаңғы спорт түрінен Әлем кубогінің қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ербол Хамитов ұстап шығады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!