Қазақстандық боксшы әлем чемпионын жекпе-жекке шақырып, «Канеломен» өткізген спаррингі туралы айтты

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен өткізген спаррингі және алдағы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.

«Ассалаумағалейкум. Абсолюттік әлем чемпионы әйгілі «Канело» Альвареспен, 1 айдан аса уақыт спарринг жұмыстарын өткізіп, спаррингтер лагері өз мәресіне жетті. Мен үшін өте жақсы тәжірбие болды. Біраз өтімді тәсілдер үйреніп, керемет шыңдалдық. Келесі жекпе-жегім, Алла бұйырса, WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы кубалық Дэвид Моррелге қарсы өту керек. Өйткені мен осы нұсқа бойынша әлем чемпионы белбеуіне міндетті үміткермін. Үлкен жекпе-жек болған соң бәрі оңай шешіле салмайды. Біраз уақыт болды қарсыласымыздан жауап күтудеміз. Әзірге тыныш болып тұр, бірақ міндетті түрде жауап берері хақ.

Ол дайын болса біз дайын. Жыл 12 ай, 365 күн, 24 сағат жекпе-жекке есігіміз ашық», – деп жазды Ербосынұлы инстаграм парақшасында.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!