Қазақстандық балуан Аманғали Бекболатов Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатының финалдық кезеңі басталды.
55 келі салмақ дәрежесінде финалда қазақстандық балуан Аманғали Бекболатов жапониялық Ю Шиотанимен белдесті. Екеуара кездесу 13:2 есебімен жапониялық балуанның еншісіне шешілді.
Осылайша, Аманғали Бекболатов Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанып, аталған құрлықтвқ біріншілікте ел қоржынына бірінші медальді салды.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.












