ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Букмекер №1 в Казахстане
Лучший букмекерский бренд*
Самый надежный букмекер
Лучший киберспортивный букмекер
Лучший букмекер 2025*

Қазақстандық аса ауыр салмақтағы нокаутшы WBC титулынан айқассыз айырылды

Boxingscene.com мәліметінше, қазақстандық аса ауыр салмақтағы боксшы Жан Кособуцкий (17-0, 16 КО) WBC International Silver чемпионы титулынан айырылып қалды, деп хабарлайды Sports.kz.

Басылымның мәліметінше, Кособуцкий бұл белбеуден «бас тартқан». Енді бұл белбеу үшін кубалық Хосе Лардуэта (7-0, 6 КО) мен сербиялық Душан Велетич (5-0-1, 3 КО) 19 ақпанда Гамбургте күш сынайды. Кособуцкий осы кеште бір класс жоғары титул үшін – дәл осындай, бірақ «Silver» деген атауы жоқ титул үшін француз Жоан Дюопамен (39-6, 26 КО) жекпе-жекке шығады.

Еске салайық, қазақстандық WBC International Silver титулын 20 қарашада доминикандық Алексис Гарсияны (11-1, 7 КО) Гамбургте нокаутқа жібергені үшін иеленген болатын.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!