Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ӘЧ іріктеу турнирін жеңіспен бастады

Үндістанның Нью-Дели қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионатына Азия/Тынық мұхит аймағынан іріктеу турнирі басталды.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, қазақстандық қыздар D тобында алғашқы матчында Непал құрамасын 3:0 есебімен ойсырата ұтты.

Сәтима Төреген Адия Подиалға бірде-бір гейм берген жоқ - 6:0, 6:0.

Ариана Гогулина Сунира Тапаға еш мүмкіндік қалдырған жоқ - 6:1, 6:1.

Жұптық сында Ева Корышева мен Сәтима Төреген де қарсыластарын бет қаратпай жеңді - 6:1, 6:0.

Ертең қазақстандық жасөспірімдер Иран құрамасымен ойнайды. Бүгін ирандықтар Өзбекстанға 1:2 есебімен жол берді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!