Нью-Дели (Үндістан) қаласында өтіп жатқан Juniors Billie Jean King Cup іріктеу сайыстарының ширек финалында Қазақстан жасөспірім қыздар құрамасы Аустралиямен ойнайды.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, D тобындағы соңғы ойынында қазақстандық қыздар Сингапур командасын 3:0 есебімен ұтты.
Сөйтіп өз тобынан бірінші орынмен ширек финалға жолдама алды.
Қазақстандықтардың келесі қарсыласы осал емес. Аустралия құрамасы жасөспірімдер арасында бес дүркін әлем чемпионы атанған. Соңғы рет олар 2011 жылы үздік шыққан. Сол кезде оның құрамында әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, жекелей сында «Үлкен дулыға» турнирінің үш дүркін чемпионы Эшли Барти ойнап, өз құрамасына жеңіс әперген.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.












