Нью-Дели (Үндістан) қаласында өтіп жатқан Juniors Billie Jean King Cup іріктеу сайыстарының ширек финалында Қазақстан жасөспірім қыздар құрамасы Аустралиямен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, Айя Нұпбай мен Асылжан Арыстанбекова жекелей сында қарсыластарынан ұтылып қалды.
Жұптық сында жеңіліп жатқан аустралиялықтар бәсекені жалғастырудан бас тартты.
Соған қарамастан, олар 2:1 есебімен жеңіске жетіп, іріктеу сайыстарының жартылай финалына жолдама алды.
Енді алдағы дүйсенбіде Нью-Делиде 16 жасқа дейінгілер арасында Дэвис кубогының іріктеу сайыстары басталады.
Қазақстан намысын Данир Қалдыбеков, Әмір Оралханов және Виталий Зацепин қорғайтын болады. Капитаны – Жансұлтан Чемботаев.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.












