Қазақстан тарихындағы қысқы паралимпиаданың алғашқы чемпионы үш жылға спорттан шеттетілді

Қазақстан тарихындағы қысқы паралимпиадада алтын алған алғашқы спортшы Александр Колядиннің допинге тапсырған тесті оң нәтиже берді, деп хабарлайды vesti.kz

47 жасар шаңғышы тыйым салынған мельдоний қолданды деген айыппен үш жылға спорттан шеттетілді. Дисквалификация 2021 жылдың 13 қаңтарынан 2024 жылдың 13 қаңтарына дейін күшінде болады.

Естеріңізге сала кетсек, Колядин 2018 жылы оңтүстік кореялық Пхенчханда өткен қысқы Паралимпиада ойындарында алтыннан алқа таққан. Шаңғышы 1,5 шақырымдық классикалық спринтте алдына жан салмаған еді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!