Қазақстандық балуан екі дүркін әлем чемпионын жеңіп, Азия біріншілігінде топ жарды

Қазақстандық балуан Мейіржан Шермаханбет күрес түрлерінен Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Мейіржан Шермахамбет 67 келі салмақ дәрежесінде топ жарды. Финалда ол Оңтүстік Кореяның тәжірибелі балуаны Рю Хансуды уақытынан бұрын таза жеңіспен жеңді.

Айта кетерлігі, Мейіржан Шермаханбет ширек финалда үндістандық, ал жартылай финалда өзбекстандық қарсыласының жауырынын жер иіскетті.

Ал 60 келіде жұбаныш белдесуінде бақ сынаған Ернұр Фидахметов қарсыласын басым түсіп, ел қоржынына екінші қоланы әкелді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!