«Атырау» украиналық клубтан айласын асыра алмады

Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары аясында «Атырау» украиналық «Агробизнес» клубына қарсы жолдастық кездесу өткізіп, 0:1 есебімен есе жіберді.

Бұл атыраулықтардың Түркиядағы үшінші кездесуі және екінші жеңілісі. Осыған дейін тағы бір украиналық ұжым «Колосқа» 2:3 есебімен жеңілген еді. Ал польшалық «Корона» клубын 2:1 есебімен тізе бүктірді.

«Атырау» (Қазақстан) – «Агробизнес» (Украина) – 0:1

Гол: Когут 27’

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!