«Атырау» Украина бірінші лигасының көшбасшысымен күш сынасады

«Атырау» клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары аясында кездесетін кезекті қарсыласын жариялады.

Қазақстандық ұжым ертең, яғни 10 ақпан күні Украинаның бірінші лигасында ойнайтын «Агробизнес» клубымен күш сынасады. Волочиск қаласының клубы Украина бірінші лигасының 15 турынан кейін 31 ұпай еншілеп, көш басында келеді.

Естеріңізге сала кетсек, «Атырау» осыған дейін екі кездесу өткізіп, тағы бір украиналық клуб «Колостан» жеңіліп (2:3) қалса, польшалық «Коронаны» 2:1 есебімен жеңген еді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!