ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Арыс» ресми түрде «Тұран» болып өзгертіліп, Түркияға баратын ойыншылардың тізімін жариялады

Түркістан облысының «Арыс» клубы «Тұран» болып өзгертілді. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі:

«Өткен жылы бірінші лигада күміс жүлдегер атанған «Арыс» командасы Премьер-лигаға жолдама алған болатын. Ендігі жерде команданың атауы өзгеріп, Түркістан облысының «Тұран» командасы болып құрылды. Облыс əкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен жасақталған бұл команда отандық футбол шаруашылығының дамуына үлесін қосатын болады. Футболдан Қазақстан чемпионатының Премьер-лига ойындарына жолдама алған команда жаңа маусымға жан-жақты дайындалуда.

Бас бапкер Абдухалық Бурибаевтың шəкірттері «БИІК» спорт орталығында 6-шы қаңтар мен 3-ші ақпан аралығында жоспарланған алғашқы оқу-жаттығу жиындарын аяқтады. Жергілікті жастардан құралған түркістандық командаға бірқатар талантты ойыншылар құрамаға шақырту алуда. Команда сапында тәжірибесі мол жерлестеріміз іріктеуден өтуде. Енді «Тұран» командасы кезекті оқу-жаттығу жиынын Түркия елінің Анталия қаласында өткізетін болады. Онда команда 6-шы ақпан мен 5-ші наурыз аралығында жалпы тереңдетілген жаттығуларын өткізеді. Команданың бас бапкерінің айтуынша жаттығу барысында 6 жолдастық кездесу жоспарланған», – деп клубтың атауы өзгеруі мен алдағы жоспарлары жайлы бөлісті.

Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына шақыртылған ойыншылар тізімі төмендегідей:

Қақпашылар: Бекжан Тоқтарбай, Андрей Пасеченко, Станислав Павлов.

Қорғаушылар: Нұрлан Даиров, Мейіржан Камбил, Ермек Қуантаев, Гафуржан Назаров, Қасымжан Таипов, Мардан Төлебек, Мирас Төлеев, Елсүйер Алпысбай.

Жартылай қорғаушылар: Асылжан Аббас, Бақдәулет Ақберген, Бекжан Әліпбеков, Еркебұлан Амангелді, Бекзат Бейсенов, Нұрғайни Бурибаев, Абай Жүнүсов, Шынболат Мақсымхан, Алияр Мұхамед, Самат Бортай, Дархан Калиұлы.

Шабуылшылар: Таңат Нөсербаев, Темирлан Амиров, Нкоби Стэнли Чисом.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!