Александр Бублик: «Теннисті таңдамағанда баскетболға барар едім»

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик елордада жас теннисшілердің сауалдарына жауап берді.

- Сізге ең ыңғайсыз қарсылас кім?

- Сірә, Кэмерон Норри шығар.

- Қанша жасыңызда спорттық жолыңызды аяқтағыңыз келеді?

- 35 жасымда деп ойлаймын.

- Осы кезге дейін ойнаған қарсыластарыңыздан ең мықтысы кім?

- Новак Джокович.

- Егер теннис болмағанда, қандай мамандықты таңдар едіңіз?

- Мен онда баскетболға барар едім.

- Кіммен ойнағыңыз келеді?

- Роджер Федерермен.

- Ол спорттық жолын тәмамдады, енді мүмкін емес қой.

- Бәлкім, бір аптаға болса да, оралар, сонда кездесудің сәті түсіп қалар.

Айта кеткен жөн, қазіргі кезде 24 жастағы Александр Бублик дүниежүзілік рейтингте 37-орында келеді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!