Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик Монте-Карло ATP Masters 1000 турнирінің үшінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 19-шы, осы жарыстың 13-ракеткасы, испаниялық Пабло Карреньо-Бустамен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда брейк жасаған Бублик сол қарқынынан айырылған жоқ – 6:4. Александр екінші сетті де брейкпен бастады – 2:0. Әйтсе де есеп 5:4 болып, матчқа доп бергенде, қарсыласы брейк жасап кетті. Тай-брейкте испаниялықтың жолы болды – 7:6 (7:3). Үшінші, шешуші партияда есеп 3:4 болған мезетте Бублик матчты жалғастырудан бас тартты.
Бір сағат 41 минутқа созылған бәсекеде қазақстандық спортшы 11 эйс жасап үлгеріп, 4 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Қарсыласы 2 эйс, 2 брейкпен көзге түсті.
Карреньо-Буста жүлде қоры 5,8 млн еуроға бағаланған доданың ширек финалына шығу үшін әлемнің 3-ракеткасы, германиялық Александр Зверев немесе рейтингте 34-орындағы аргентиналық Федерико Дельбонистің біреуімен таласады.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.












