Албания құрамасының экс-ойыншысы мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін

«Рух» клубының бұрынғы ойыншысы Элис Бакайға Қазақстан мен Албания чемпионаттарының бірқатар клубтары қызығушылық танытуда, деп хабарлайды Inside/Arseniy Isaenya телеграм арнасы.

Дереккөздің хабарлауынша, қазір футболшы Түркияда қазақстандық клубтың оқу-жаттығу жиынына қатысуда.

34 жастағы Бакай белоруссиялық «Динамо Брест», «Шахтер» (Салигорск), хорватиялық «Сплит», израильдік «Хапоэль» (Раанана), украиналық «Черноморец» (Одесса), румыниялық «Динамо» (Бухарест) командаларында өнер көрсетті. Өз отанында «Партизани», «Динамо» (Тирана), «Влазния», «Кукеси» клубтарының намысын қорғады.

2007-2013 жылдар аралығында Албания құрамасында 26 ойын өткізіп, бір гол соқты, сонымен қатар жастар құрамасында доп тепкен (тоғыз ойын және екі гол).

Transfermarkt жартылай қорғаушының нарықтық құнын 100 000 еуроға бағалайды.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!