«Ақжайық» Түркиядағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Оралдық «Ақжайық» клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары аясында кезекті кездесуін өткізіп, өзбекстандық «Навбахор» ұжымын 3:2 есебімен жеңді.

Оралдықтар сапынан үш голды да есімдері белгісіз қаралымдағы ойыншылар салды. Осылайша «Ақжайық» қатарынан үш жеңілістен кейін алғашқы жеңістеріне қол жеткізді. Алғашқы ойында украиналық «Рухқа» 1:4 есебімен есе жіберді. Екінші матчтакосоволық «Дукаджини» клубына 0:3 болып ұтылса, ресейлік «Факел» командасына 1:4 есебімен ұтылды.

Естеріңізге сала кетсек, дәл осы «Навбахорды» түнеугүні шымкенттік «Ордабасы» да жеңген (2:1) еді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!