«Ақжайық» Литва құрамасының ойыншысын қатарға қосып, Түркиядағы алғашқы матчын өткізді

Оралдық «Ақжайық» футбол клубы Литва ұлттық құрамасының ойыншысы Симонас Урбиспен толықты, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.

Урбис мансабында алғаш рет шетелдік кулбта өнер көрсетпек. Осыған дейін «Экранас», «Атлантас», «Банга», «Паланга» және «Жальгирис» сынды литвалық клубтарда өнер көрсеткен.

Жалпы клубтық мансабында 136 матч өткізіп, 22 гол соғып, 12 нәтижелі пас берген.

Сонымен қатар «Ақжайық» Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында алғашқы жолдастық матчын өткізді. Оралдықтар сербиялық «Напредак» клубымен кездесіп, 0:1 есебімен есе жіберді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!