«Ақсу» ресейлік қорғаушымен келісім-шарт жасасты

«Ақсу» футбол клубы 32 жастағы ресейлік орталық қорғаушы Али Гаджибековпен келісім-шартқа отырды.

Али Дағыстан футбол мектебінің түлегі. 2006 жылы бірінші дивизионда «Анжидің» намысын қорғады. Ресей Премьер-лигасында Гаджибеков 2010 жылдың 4 шілдесінде санкт-петерборлық «Зенитке» қарсы ойында дебют жасады.

Сондай-ақ Али «Крылья Советов», «Енисей», «Нижний Новгород» және «Чайка» сияқты клубтарда доп тепті. Ал соңғы жылдары ФНЛ-2-де өнер көрсететін махачкалалық «Легион Динамода» өнер көрсетті.

Айта кетейік, Гаджибеков кезінде Ресейдің екінші құрамасына шақыртылған.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!