ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

17 жастағы қазақстандық теннисші Australian Open турнирінің үшінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова жұптық сында Аустралия ашық чемпионаты жасөспірімдер турнирінің үшінші айналымына шықты.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, 17 жастағы Аружан ресейлік Екатерина Хайрутдиновамен бірге екінші айналымда грекиялықтар Михаэла Лаки - Димитра Павлумен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-ресейлік жұп қарсыластарын 6:3, 6:3 есебімен ұтты.

Енді олардың ширек финалдағы қарсыластары чехиялықтар Луция Гавличкова-Доминика Шалкова және канададықтар Кайла Кросс-Виктория Мбоко арасынан анықталады.

Осылайша, Сағындықова Қазақстан теннисі тарихында рекордтық нәтижеге қол жеткізді.

Бұған дейін «Үлкен дулыға» жарысының жасөспірімдер турнирінде ешкім үшінші айналымға шығып көрмеп еді.

Тағы бір қазақстандық, 16 жасар Максим Батютенко жекелей сында екінші айналымда литвалық, Уимблдон жасөспірімдер турнирінің жұптық сындағы 2021 жылғы жеңімпазы Эдас Бутвиласқа жол берді - 6:7 (5:7), 3:6.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!