ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Қайрат» Сүйімбаев, Покатилов, Поляков һәм Оганесянға қатысты ресми мәлімдеме жасады

Ғафуржан Сүйімбаев, Стас Покатилов, Камо Оганесян және Денис Поляков алматылық ұжыммен қош айтысты, деп хабарлайды «Қайраттың» баспасөз қызметі.

«Қайрат» футбол клубымен төрт бірдей ойыншының арасындағы келісім-шарт мерзімінің аяқталуына байланысты команда қатарынан Ғафуржан Сүйімбаев, Стас Покатилов, Камо Оганесян және Денис Поляков кетті.

Ғафуржан Сүйімбаев «Қайрат» футбол клубына 2016 жылы келіп қосылған болатын. Алматылық ұжым сапында 149 кездесу өткізіп, 12 гол соққан және 24 голдық пастың авторы атанған.

Стас Покатилов 2016 жылы «Қайрат» ойыншысы атанды. Алматылық команда сапында 151 кездесу өткізіп, 45 ойында қақпасын голдан аман сақтаған.

Камо Оганесян «сары-қаралардың» сапына 2020 жылы қосылды, 59 кездесу өткізіп, алты гол, бес голдық пасымен көзге түскен.

Денис Поляков «Қайрат» сапына 2020 жылы қосылған болатын, 51 кездесу өткізіп, төрт гол, екі нәтижелі пастың авторы атанған.

Meta-ratings.kz мәліметі бойынша, Стас Покатилов «Ақтөбе» сапын толықтырса, Ғафуржан Сүйімбаев «Тұранға» ауысады. Ал армениялық дереккөздердің хабарлауынша, Камо Оганесян «Астана» ойыншысы атанады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!