«Қайрат» ресейлік клубтан үш гол жіберіп, жеңіліп қалды

Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары аясында алматылық «Қайрат» самаралық «Крылья Советов» клубына 2:3 есебімен есе жіберді.

Ресейлік команда бірінші болып үш гол соққанымен, «Қайрат» екі гол салып, доп айырмасын қысқартқан еді. Бірақ жеңілістен қашып құтылуға шамалары келмеді. Осылайша ел атынан Чемпиондар лигасында өнер көрсететін клуб Ресейдің екінші лигасындағы ұжымнан ұтылды.

«Қайраттың» негізгі құрамы: Устименко, Миканович, Поляков, Дугалич, Оганесян, Гуральский, Косович, Әбікен, Әліқұлов, Мамба, Вагнер Лав.

«Қайрат» (Қазақстан)— «Крылья Советов» (Ресей) 2:3 (0:2)

Голдар: Горшков 17 (0:1), Зиньковский 29 (0:2), Сергеев 47 (0:3), Косович 51 (1:3), Әбікен (П) 53 (2:3).

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!