«Қайрат» ертең қос бірдей ойын өткізбекші

Ертең, яғни 6 ақпан күні алматылық «Қайрат» клубы Түркияның Белегіндегі оқу-жаттығу жиындары аясында қос бірдей матч өткізбекші.

14:30-да самаралық «Крылья Советов» клубымен күш сынасса, 20:00-де украиналық «Александриямен» кім мықтыны анықтайды.

Ойындар клубтың «KAIRAT TV» ютуб-арнасында тікелей эфирде болады.

Оңтүстік астаналықтар алғашқы ойында мәскеулік «Динамоға» 0:2 есебімен есе жіберген еді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!