ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Уимблдондағы» сенсациялық жеңіс. Рыбакина Қазақстанның ғана емес, әлем теннисінің тарихына енді

Елена Рыбакина «Уимблдонда» топ жарып, сенсация жасап, тарихи жеңіске қол жеткізді. Отандасымыздың Қазақстан азаматтығын алуы, чемпиондыққа дейінгі жолы, рекордтық көрсеткіші һәм алған қомақты сыйақысы туралы тілге тиек етеміз.

Рыбакина

Әңгіменің әлқиссасын Лена қыздың Қазақстан азаматтығын алуынан бастасақ. Рыбакина Мәскеуде дүние есігін ашып, спорттағы алғашқы қадамдарын спорттық гимнастика мен мәнерлеп сырғанаудан бастаған. Алайда бойының ұзындығына байланысты ол спорт түрлерінен кетуге мәжбүр болады. Кейін әкесінің ықпалымен үлкен тенниске бет бұрып, жастар арасында біршама жетістікке жетеді. Бірақ Ресей теннис федерациясы жас талантқа назар аудармай, көмек қолын созбайды. Осыдан кейін Ленаның кәсіби спорттан кететін ойы да болған. Бірақ Қазақстан теннис федерациясы көмекке келді. Осылайша 2019 жылдың басында әкесі қызын Қазақстанға әкетіп, сол сәттен бастап Ленаның мансабы өрге жүзеді. Алғашқы титулдарын жеңіп, әлемдік рейтингте шарықтайды. Серена Уильямстің өзін жеңіп, бір шулатса, Токио Олимпиадасының 1/2 финалына шығып, тағы бір шулатты. Ал «Уимблдондағы» жетістігіне төменде толығырақ тоқталамыз.

Рыбакина

Рыбакина «Уимблдонның» финалында әлемнің екінші ракеткасы Онс Жаберді (Тунис) 2:1 (3:6, 6:2, 6:2) есебімен жеңіп, мансабында алғаш рет «Уимблдонда» топ жарды. Отандасымыз алғашқы сетте және ойын барысында жанкүйерлерінің жүйкесін жұқартты. Қарапайым сәттерде ұпай жоғалтып, соққылары дұрыс шықпай, біресе торға тиіп, біресе сызықтан асып кетіп, тор түбіндегі ойында өте әлсіз көрініп, әбден әлек болды. Бірақ психологиялық тұрғыдан мығып болып, сыр бермей, соңына дейін күресті. Нәтижесінде камбэк жасап, барша қазақстандықтарды шаттыққа бөледі.

  • «Үлкен дулыға» санатына жататын турнирдің жекелей сынында жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық теннисші. Осыған дейін құрама капитаны Ярослава Шведова 2010 жылы «Уимблдон» мен US Open-нің жұптық сыны бойынша чемпион атанған еді.
  • 23 жастағы отандасымыз 2011 жылдан бері «Уимблдонда» чемпион болған ең жас теннисші атанды. 2011 жылы 21 жастағы Петра Квитова қарсылас шақ келтірмеген еді.
  • Лена 2006 жылдан бері «Уимблдон» финалының алғашқы сетінде жеңіліп, чемпион атанған алғашқы теннисші болып тіркелді.
  • Рыбакина мен Жабер арасындағы финалдық кездесу 1962 жылдан бері осыған дейін Grand Slam турнирлерінің шешуі матчында ойнамаған қос теннисшінің арасындағы алғашқы шешуші текетірес болды.
  • Сонымен қатар Лена – тек бір «Үлкен дулыға» турнирінде жеңіске жеткен оныншы теннисші.
  • Компьютерлік рейтинг енгізілген 1975 жылдан бергі «Уимблдон» финалына шыққан ең төменгі орындағы (23) төртінші теннисші.
  • Қазақстан – әйелдер арасындағы жекелей сын бойынша чемпионы бар 12-ші ел. Қалғандары: АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Ресей, Чехия, Бразилия, Испания, Швейцария һәм Румыния.
  • 53 эйс. Соңғы екі аптада барлық турнирлерде ешбір нәзік жанды теннисші мұнша эйс жасамады.
Рыбакина

1/64 финал. Коке Вандевеге (АҚШ) – Елена Рыбакина – 0:2 (6:7 (2:7), 5:7)

1/32 финал. Бьянка Андрееску (Канада) – Елена Рыбакина – 0:2 (4:6, 6:7 (5:7))

1/16 финал. Синвэнь Жен (Қытай) – Елена Рыбакина – 0:2 (6:7 (4:7), 5:7)

1/8 финал. Елена Рыбакина – Петра Мартич (Хорватия) – 2:0 (7:5, 6:3)

1/4 финал. Айла Томлянович (Аустралия) – Елена Рыбакина – 1:2 (6:4, 2:6, 3:6)

1/2 финал. Елена Рыбакина – Симона Халеп (Румыния) – 2:0 (6:3, 6:3)

Финал. Елена Рыбакина – Онс Жабер – 2:1 (3:6, 6:2, 6:2)

Лена «Уимблдондағы» жеңісі үшін әмияны 2 миллион фунтқа (1 млрд 100 млн теңгеден астам) майланады. Жалпы турнирдің жүлде қоры 47,6 миллион еуроны құрады. Ал Жабер 1,05 миллион фунт пайдаға кенеледі.

Бір өкініштісі, бұл «Уимблдон» турнирінде рейтингілік ұпайлар берілмейді. Әйтпегенде Елена 23-ші орыннан бірнеше сатыға жоғарылайтын еді.

Фото: Wimbledon

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте