Бейжің Олимпиадасындашорт-тректен төртінші орын алған қазақстандық спортшы Абзал Әжіғалиев БейжіңОлимпиадасы жайлы, еліміздегі қысқы спорттың мәселелері туралы пікір білдірді.Сондай-ақ Александр Винокуровтың сыйлығы жайлы айтып берді. Осы ретте Meta-ratings.kz тілшісі сұхбаттың толықнұсқасын жариялады.

— Абзал, Бейжің Олимпиадасына аз-кем тоқталып кетсең.
— Біз Бейжіңге Нұр-Сұлтаннанұшып, Олимпиаданың ашылу салтанатына қатыстық. Шорт-тректе арақашықтыққабайланысты әртүрлі санаттар болады. Мен тек 500 метрге жүгіремін. Бұлспринтерлік жарыс болып табылады. Олимпиада басталып кетті. Ал мен жарыс жолынашығатын күнді күтіп жүрдім. 11 ақпанда іріктеу кезеңі басталды. Бізді топқабөліп тастады. Мен жарыс бастала салысымен Кореядан келген Олимпиада чемпионыменкүш сынастым. Сондықтаніріктеукезеңінен ұшып кетуім мүмкін еді. Бірақ мен оны артқа тастап, іріктеу кезеңінсәтті аяқтадым. Бір күн демалып алдық та, финал алдындағы жарыстарды бастапкеттік. Бұл кезеңде де мен сол корей спортшысымен кездестім. Бірақ ол кездежеңіліп қалдым. Дегенмен, бұл нәтиже жартылай финалға өтуіме кедергі болмады.Жартылай финалда тағы да сол спортшымен және Олимпиада, әлем чемпионы, осықашықтықта рекорд орнатқан Қытай өкілімен жарыстым. Бірақ екеуін де басып озып,финалға жолдама алдым. Ақтық сында Канада, Италия, Ресей, Венгрия спортшыларыөнер көрсетті. Мен шешуші кезеңде осыған дейін жасап жүрген тактикамдықолданғым келді. Яғни бар күшті соңында пайдалануды көздедім. Соңғы бір айналымқалғанда италиялық спортшы алдыма құлап, мұзға жатып алды. Бір ғана айналымқалғандықтан, қалғанын қуып жете алмадым.
— Бұл нәтижеге қуандың ба әлде өкініш бар ма?
— Мен физикалық жәнепсихологиялық тұрғыдан Олимпиадаға толықтай дайын болдым. Бірақ бұйырғаны осыболды. Бұл нәтижеге де шүкір деймін.

— Бұл сенің үшінші Олимпиадаң болды. Бұл додаға төртіншірет қатысуға мүмкіндік бар ма?
— Иә, әрине. Мысалы, 37 жастағы канадалық спортшы Олимпиада чемпионы атаныпотыр. Сондықтан әлі уақыт жеткілікті.
— Біздің Қазақстан шорт-тректен үнемі үздік ондықтыңқатарында жүреді. Әлем кубогінде үнемі жүлдегерлер қатарынан көрінеді.
— Иә, әлем кубогіндежүлделі орынға ие боламыз, бірақ оны біздің отандық телеарналар көрсетпейді.Әлеуметтік желілерде «шорт-тректі бірінші рет көріп отырмын» деп жазатындаркөп. Көп адамдар бұл спорт түрін осы Олимпиада арқылы білді.
— Facebook желісінде ауқымды мәселені қозғадың. Бұлқадамға қалай бардың?
— Осы постты жазбасбұрын көп ойландым. Халық осы спорттағы мәселелерді, қандай қиындықтардың барекенін білсін деп жаздым. Президент бізге туды сеніп тапсырды. Олимпиаданыңашылу салтанатында оны алып шығу маған жүктелді. Туды қолыма алғанда үлкенжауапкершілікті сезіндім. Сол сәттегі сезімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын.

Мен жарысқа жекеөзімнің мүддем үшін бармаймын. Ел намысын қорғап, халықтың артқан сенімінақтауға тырысамын. Егер біз бұл саладағы мәселелерді шешпесек, нәтиже төмендей береді.Елімнің атын шорт-трек арқылы шығарғым келеді. Қазір Қазақстанда осы спорттүрімен айналысатын жас жеткіншектер көп. Олар мен көрген қиындықтарғаұшырамаса екен деймін. Постты жарияламас бұрын ешкімге көрсетпедім. Әлеуметтікжеліге салғаннан кейін маған біраз адам «бұл сенің мансабыңа кері әсерінтигізеді» деп жазды. Мен ешкімді жамандаған жоқпын, шындықты жаздым. Өскелеңұрпақ қындық көрмей, келесі жарыстарда жүлдеге іліксін деген ой болды.
Мен бүкіл ғұмырымдыосы спортқа арнадым. Жасым 29-да, әлі үйленген жоқпын. Бес жасымда әкемненайырылдым. Мені анамның жалғыз өзі тәрбиеледі. Себебі отбасындағы жалғызбаламын. Шорт-трекпен айналысып жүргелі 18 жыл болды. Жарыста жүргендіктен, сегізай бойы үй бетін көрмейтін кездер болады. Анам мені әркез қолдап жүреді.Сондықтан айтар алғысым шексіз.
— Осыдан кейін саған ешкім хабарласпады ма?
— Жеке өзіме шықпады,бірақ бапкерлеріме хабарласып, мұның артында кімнің тұрғанын сұрапты. Мен бұлпостты жазар алдында, бапкермен де ақылдаспадым. Олар мұндай мәселелерді ашыпайта бермейді. Мені бұл спорттан алып тастаса да мейлі. Себебі мені спортқаешкім мәжбүрлеп әкелген жоқ. Мен шорт-тректі жақсы көргендіктен, «қазақтарқысқы спорттан нашар» деген менталитетті жойғым келді. Маған ешкім осылай жаздеп айтпады, бұл менің жеке ойым.

— Сен Оралдың тумасысың. Ол жақта шорт-трек қалай дамыды?
— Оралда 2001 жылымұз айдыны ашылды. Сол кезде Алматыда жүрген Мадығали Қарсыбековке Оралғабарып, шорт-тректі дамытыңыз деген ұсыныс жасалды. Содан кейін ол жанұясыменсол жерге көшіп барып, бапкер болып тағайындалады. Өте ақылды, еңбекқор кісі.Ол команда жасақтап, Ресейдегі жарыстарға қатыстыратын. Кейінірек, елбіріншілігіне қатысып, чемпион атана бастадық. Басқа елдерде жиын өткізіп,тәжірибе жинақтадық. 2009 жылы Олимпиада, әлем чемпионы атанған Қытай спортшысымансабын аяқтады. Ал біздің бапкер оны Оралға шақырып, жұмыс ұсынды. Ол бізгекөп нәрсені үйретті. Сосын Қытайға барып, үш ай дайындалдық. Содан кейін Корея,Канада елдерінен бапкер шақыртты. Оралдағы мұз айдыны жақсы болғандықтан басқаөңірдегі спортшылар сонда жиналатын. Біздің ағай басқа елден бапкерлер шақыруүшін көп еңбектенді. Осы спортпен айналысқаныма біраз уақыт болғандықтан, қазірменде бапкер ретінде ақылыммен бөлісе аламын.
— Бірінші мәселе ретінде мұз айдынының жоқтығын айттың
— Нұр-Сұлтандағы«Алау» мұз айдынында бізге қажетті уақыт бермейді. Бізге таңертең және кешкеекі-үш сағат дайындалу керек. Бірақ ол жеке меншік болғандықтан, бір ғана сағатберіледі. Хоккейдің бюджеті көп болғандықтан, олар дайындыққа көп уақыт алады.Алматы қаласында бірнеше мұз айдыны бар. Бірақ Қазақстан құрамасы олардыңбіреуін де қолданбайды. Бізді жаттығу жұмыстарын жасау үшін шетелге жібереді,ал халық ақшаны жеп жатыр деп ойлайды. Мысалы, біз жаз бойы Уфада дайындалдық.

— Жалақы мәселесін де қозғапсың.
— Ол мәселенікөтерген жоқпын. Бізде бұл спортқа қажетті құрал-жабдықтар жоқ. Көбісі шорт-треккетек коньки керек деп ойлайды. Бізге тамыр соғысын тексеретін сағаттар, дайындықжасайтын велосипедтер керек. Шетелдік спортшылардың барлығы осындай жабдықтардыпайдаланады. Маған велосипед қажет болды. Ал олар мұның қымбат екенін айтып,біраз күте тұруымды сұрады. Немесе тендер ойнатамыз, содан кейін аласыңдар депсылтауратты. Оның қашан өтетіні белгісіз, ал бізге бұл жабдықтар жазғы дайындықкезінде керек болды. Төрт ай өткеннен кейін, яғни жарыс басталар алдында ғанабұл заттарға қолымыз жетті. Мен Олимпиада алдында жаттығу үшін ақша емес, үйемес, тек велосипед сұрадым.
Әлеуметтік желігепост салғаннан кейін маған көп журналисттер хабарласа бастады. Сол сәтте мағаншетелдік нөмірден қоңырау түсті. Сөйтсем, ол Александр Винокуров екен. Ол меніңмақаламды оқығанын айтып, көмектеуге дайын екенін жеткізді. «Осы жағдайды білетұрып, Сізге велосипед сыйлай алмағаным ұят болады» деп, кездесу ұйымдастырды.Үйіне барып едім, өзі қарсы алды. Екеуіміз отырып, әңгіме-дүкен құрдық. Олвелоспорт, Олимпиада жайлы қызықтарымен бөлісті. Қандай қиындықтарға тапболғанын айтып, маған мотивация берді. Одан кейін маған кітап және өзінің жекевелосипедін сыйға тартты. Қанша уақыт күткен велосипедті ол кісі бір күндетауып берді. Құны шамамен үш миллион теңгені құрайды. Ол әр адамға өзінің жекевелосипедін сыйлай бермейді.

— Олимпиададағы төртінші орын үшін сыйақы беріле ме?
— Ия, отыз мың долларберіледі. Бірақ әлі түскен жоқ. Бұл ұзақ процесс екен. Мен Олимпиадаға дайындықкезінде жаттығуға қажет болған құрал-жабдықтарды несиеге алдым. Олимпиададанорын алып, бұл қарыздардың бәрінен құтыламын деген ой болды. Негізі дайындыққақаражат бөлінуі тиіс, бірақ бәрі өз қалтамнан шықты. Шыны керек, медаль алып,халқымды қуантқым келді. Әлі де мақсатымнан тайқымадым.
— Осы уақытқа дейін Оралда әкімдік тарапынан үй берілмедіме?
— Мен осы уақытқа дейін әлем чемпионатында топ жардым. Бірақештеңе берілген жоқ. Соған қарамастан мен шорт-трекпен айналысып келе жатырмын.Әлемдік рейтингте үздік үш спортшының қатарындамын. Үнемі үздік ондықтың ішіндежүремін, мені әлемнің бүкіл спортшылары таниды.

— Бас бапкерің мен анаң саған жақсы тәрбие берген екен...
— Ия, бапкерімеризамын және алғыс айтамын. Сондай-ақ анама айтар алғысым шексіз. Жарысқакеткенде мені үйде жалғыз өзі күтіп жүреді. Ол кісі мектепте жұмыс істейді.Басында еден жуатын еді, қазір қиынырақ жұмысқа орналасты. Анам зейнет жасынажақындап қалды. Олимпиададан орын алып, бүкіл қаражатты анама беріп, үйдедемалғанын қаладым, үйленіп, анамды қуантқым келді.
Алматыға чартерлікрейспен ұшып келгенде, әлеуметтік желілерде туристтер келді деп жазып жатты.Бұл менің намысыма қатты тиді. Өйткені мен Олимпиадаға жайдан-жай барғанжоқпын. Еліміздің туын алып шықтым және төртінші орын алдым. Әлеуметтік желідежазып жатқан адамдар жарысты қарамады деп ойлаймын. Осы уақытқа дейін қаншамажарыста топ жардым, әлемдіегі үздік үш спортшының қатарына кірдім, бірақ бұлжолы қолымнан келмеді. Бұйырғаны осы болды. Алдағы Олимпиадада тағы бағымдысынап көремін, кейін бапкер болатын шығармын.
Олимпиадаға негеқазақтар емес, орыстар барады деп сын тағып жатты. Осыны айтқандарға кімкедергі? Балаларын қысқы спортқа берсін, елімізді мұз айдындары баршылық.Барлығы бала-шағасын күреске, боксқа беріп алып, қысқы спортта қазақтар жоқ депайыптайды. Бейжіңнен медальмен оралып, қазақтардың да қысқы спорттан жақсыекенін дәлелдегім келді, - деді Абзал YouTube-тағы Nursultan Qurman арнасынаберген сұхбатында.