ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Тунисті Әлем чемпионатынан шеттетуі мүмкін. Орнын қандай құрама басады?

2022 жылғы Әлем чемпионатының басталуына бір айдан аз уақыт қалды, алайда кейбір құрамалардың қатысып-қатыспауы әлі де күмән тудыруда.

Тунис құрамасы

Қазан айында Иранға үлкен қысым жасалды. «Хиджабты дұрыс кимегені үшін» деп шариғат полициясы тас лақтырып өлтірген Махса Аминидің өліміне байланысты елдегі жаппай наразылықтардан кейін кейбір ирандық ойыншылар, жергілікті құқық қорғаушылар және тіпті, БҰҰ-ның доминикалық елшісі ұлттық құраманы чемпионаттан шеттетуді талап етті.

Қазір Иран жағдайы қыл үстінде тұрған жалғыз құрама емес. Жақында ФИФА ресми түрде Тунис футбол билігіне Катардағы мундиальдың алдында қатаң ескерту жасады.

Мұның себебі – мемлекеттің футбол федерациясының жұмысына араласуы. ФИФА-ның шамына Тунис жастар және спорт министрі Камел Дегиштің «Қажет болса, футбол федерациясын таратып жіберемін» деген сөзі тиді.

ФИФА оның сөздерін Тунис футбол Федерациясының (FTF) тірлігіне араласу деп қабылдады. ФИФА-ның және әлемдік футбол басшыларының пікірінше, федерацияның ісіне соған қатысы бар адамдар ғана араласып, үшінші тарап мұрындарын сұқпау керек.

«Федерацияның заңды қызметкерлері ұйымның жұмысын үшінші тараптың араласуынсыз шешуі қажет. Бұл ереже орындалмаған жағдайда, ФИФА-ның заңдарына сәйкес санкция салынуы мүмкін. Сонымен қатар елдегі қауымдастықтык жұмысының тоқтатылуына да әкеліп соғуы ықтимал», – делінген ФИФА-ның FTF бас хатшысы Важди Ауадиге жазған хатында.

Егер ФИФА санкция салар болса, Тунистің клубтары мен құрамалары құрлықтық немесе халықаралық турнирлерде ойнау құқығынан айырылады. ФИФА FTF-ке министрдің сөзіне деген ұстанымдарын нақтылап, жұмаға дейін жауап беруді талап етті.

Осыған дейін ФИФА мемлекеттің федерация қызметіне араласуына байланысты Кения мен Зимбабвеге санкция салды.

2017 жылы дәл осындай себеппен Мали құрамасын шеттеткен. Ал 2015 жылы Испанияға дисквалификация қауіпі төнген.

Тунис құрамасы

Тунис Әлем чемпионатының жеребесінен кейін D тобына түскен еді. Турнирдегі алғашқы матчын 22 қараша күні Данияға қарсы өткізеді. Одан кейін 26-сында Австралиямен, 30 қарашада Франциямен күш сынасады.

Le Parisien басылымының ФИФА ережелеріне сүйеніп хабарлаған жазбасында «Турнирге жолдама алған құраманың бірі жарыстан шеттетілсе, оның орнына ФИФА рейтингісінде ең жоғары сатыға орналасқан, Әлем чемпионатына шыға алмаған команда алынады» делінген.

Демек, ӘЧ-2022 өтпелі кезеңінде сүрінген Италия Тунистің орнына бірден-бір үміткер. Өйткені Еуропа чемпиондары қалған құрамалардан тым жоғары орналасқан. Қазіргі таңда Италия ФИФА рейтингісінде алтыншы сатыға жайғасқан.

Естеріңізге сала кетсек, Катардағы дүбірлі дода 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында болады. Турнирдің алғашқы матчы 20 қараша күні Катар мен Эквадор арасында өтеді.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте