ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Саланың қаза тапқанына 3,5 жыл болды, ал «Кардифф» сотта жеңілсе де, трансфердің ақшасын беруден бас тартуда

Аргентиналық шабуылшы Эмилиано Сала 2019 жыл қаңтар айының соңында Нанттан Кардиффке аттанып, жолда ұшағы құлап, ойыншы қаза тапты. Сол қайғылы оқиғадан бері 3,5 жыл өтті. Алайда «Нант» әлі күнге дейін «Кардиффтен» Эмилианоның трансферінің ақшасын талап етуде.

Сала

Бірнеше жылдан кейін ескі жараның беті тырналып, түнеугүні спорттық арбитраждық сот (CAS) уэльстік клубты «Нантқа» 6 миллион еуро (5,3 миллион фунт) төлеуге міндеттеді.

«Барлық ұсынылған дәлелдер мен екі клубтың аргументтерін ескере отырып, CAS комиссиясы ойыншының «Нанттан» «Кардиффке» ауысуы аяқталған деп таныды. Келісімде айтылған шарттар ойыншы қайтыс болғанға дейін орындалғандықтан, «Нантқа» 6 миллион еуро мөлшеріндегі соманың бірінші бөлігін төлеу туралы талап қанағаттандырылды», – делінген CAS хабарламасында.

Алайда «Кардифф» ақша төлеуден бас тартып отыр.

«Нанттың» апат үшін жауапкер болғандығы туралы маңызды мәселе шешілген жоқ. Клубтың заңгерлері шешімнің кейбір себептерін зертегеннен кейін, біз апелляция беруді жоспарлап отырмыз, ал әзірге «Нантқа» бір тиын да бермейміз.

Егер шағым қанағаттандырылмаса және клуб соманы төлеуге міндеттелсе, біз өз шығындарымызды қайтару үшін апатқа жауапты адамдарды сотқа береміз. Әңгіме «Нант» пен оның агенттері туралы. Ойымыз қазір біздің клубтан қаржылық қолдау алатын Эмилианоның отбасында ғана болуы керек», – делінген «Кардиффтің» жазбасында.

Сала

«Кардифф» трагедия кезінде Сала ресми түрде команданының ойыншысы атанбады деп санайды.

Бірақ клуб ресми сайтында Саланың трансфері туралы 2019 жылдың 20 қаңтарында жариялағанына не дейсіз? Ал ұшақ апаты 21-і күні болды.

«Кардиффтің» басты аргументі – ауысым толығымен аяқталған жоқ. Клубтың халықаралық трансфер сертификатын (ITC) алуға уақыты болмаған болуы мүмкін. «Кардифф» трансфер халықаралық тексеруден өтпеді деген сылтау айтты.

Спорт заңгері Михаил Прокопец сертификат туралы былай дейді: «Сертификат ойыншы елден елге ауысқанда беріледі. Жүйе келесідей: TMS (Transfer Matching System) атты арнайы компьютерлік бағдарлама бар. Бұл тез әрі ашық жұмыс істеу үшін қажет. Бұл бағдарламада сатып алатын клуб (мысалы, «Кардифф») «Нантқа» сұраныс жасайды. Бұл сұраныс Франция футбол федерациясына түседі, олар оны «Нантқа» бағыттап, былай сұрайды: сіздерге трансферге өтініш түсті, бәрі ойдағыдай ма? Егер трансфер қос тараптың келісімі бойынша іске асса, «Нант»: иә, біз қарсы емеспіз, дейді. Сөйтіп сертификат «Кардиффке» табысталады. Егер «Нант» келіспейтін жағдай болса, онда олар «біз келіспейміз» дейді. Ондай жағдайда сертификат берілмейді де, дау ФИФА-ға жіберіледі. ITC-де ештеңе жазылмаған. Сертификат – бәрі толықтай орындалғаны туралы куәлік сияқты».

Сала

Аргентиналықтың қайтыс болғанына біраз уақыт болса да, «Нант» жанкүйерлері Саланы ұмытпады. Өз алаңындағы әр ойынның 9 минутында (Эмилиано 9 нөмірімен ойнады) жанкүйерлер құрметпен шапалақтайды – олар шабуылшыны осылай еске алады.

Бірақ кейде жағымсыз дүниелер де болып тұрады. Ағымдағы жылдың мамыр айында «Ницца» жанкүйерлері «Сент-Этьенге» қарсы матчта (4:2) Салаға тіл тигізіп, айқайлады. Бұл «Ницца» Франция кубогінің финалында «Нанттан» (0:1) ұтылғаннан кейін болған оқиға.

Сол кездегі «Ниццаның» жаттықтырушысы Кристоф Гальтье өз жанкүйерлерін сынады.

«Футболшыларым мен менің естігендерімді сипаттайтын сөзім жоқ. Менің штабымның, қызметкерлерімнің, ойыншыларымның атынан біз Эмилиано Сала отбасы мен «Нанттан» кешірім сұрағым келеді. Біз «стадиондар – қоғамның айнасы» деп жиі айтамыз. Егер біздің қоғам осындай болса, онда біздің тынғанымыз», – деп наразылық білдірді ПСЖ-ның қазіргі бас бапкері.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте