ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Елена Рыбакина - Онс Жабер: тарихи финалда кім жеңеді?

Қазақстан намысын қорғап, еліміздің есімін жарты әлемге паш етіп жатқан Елена Рыбакинаның финалдағы мүмкіндігі қандай?

Рыбакина

Уимблдонның ақтық сыны әдеттегідей сенбіге жоспарланған. Кім жеңседе тарихта қалмақ. Онс Жабер чемпион атанып жатса осы доданы жеңген Африка құрлығынан шыққан бірінші теннисші болмақ. Ал Елена Рыбакина жеңсе Азиядан шыққан үшінші теннисші, Қазақстаннан шыққан екінші теннисші болады. Иә бұған дейін біздің елден Ярослава Шведова жеңген еді осы Уимблдонды. Бірақ Ярослава жұптасып ойнау сайыстарында бағы жанған. Жекелеген сындағы финалдың дәрежесі жоғары, әрине. Не болса да, екі ойыншыға артылған сенім жоғары, ал қысым көп болмақ. Жабер бұған дейін жастар арасында өтетін Grand Slam турнирін жеңген еді. Ол сонау 2010 жылы болған оқиға. Туннистің теннисшісі топырақ төсеніште керемет ойнайтын әдеті бар. Сондықтан да, Онстың Уимблдон финалына шығуы күтпеген жағдай болып тұр. Дегенмен, әлемнің нөмірі үшінші ракеткасы, демек мықты ойыншы. Осы турнирдің алдында Истбрунда Серена Уильямспен жұп құрып ойнап көрді. Бәлкім Серена бір екі кеңес берген шығар, Уимблдон басталғалы Жабердің ойыны құлпырып сала берді. Онстың бір ерекшелігі көп теннисшілермен достық қарым қатынаста. Үнемі ортаның гүлі боп жүреді. Әйелдер теннисінде бұл сирек кездесетін жағдай. Жеңілсе де жәй ғана жымиып, қарсыласқа сәттілік тілеп өз жолымен жүре береді. Ең бастысы бұл көңілі шын жүректен шығады. Қалған теннисшілер тіпті бір бірінің қолын алмай жатқанда, Онстың бұл қылығы көзге ыстық көрінеді. Жалпы айтқанда Жабер жақсы теннисші және жақсы адам!

Жабер

Ал енді Елена Рыбакина жайлы сөз қозғайық. Токиодағы олимпиада ойындарында Лена қыздың «Мен бірінші өз елімнің журналистеріне сұхбат беремін, қалғандары күте тұрсын», деген сөзі ішімізді жылытып, бұл біздің Лена деп марқайып қалып едік. Кешегі «Еуроспорт» арнасына берген сұхбатында «Ол Ресейден келген, Қазақстандыкі емес» деген сынды сөздерге нүкте қойған секілді.

«Иә мен Ресейде тудым, бірақ мен Қазақстан азаматшасымын! Теннис өте қымбат спорт түрі. Біз отбасымызбен ақылдасып мен теннис ойнауды доғарамыз деп шешім қабылдағанбыз. Сол кезде Қазақстан теннис федерациясы ұсыныспен хабарласты. Содан кейін барып мен бала күнгі арманыма жеттім, яғни кәсіби теннисші болдым. Мұны ешқашан ұмытпаймын», - деді Елена.

Рыбакина

Менің кәсіби теннисші болып қалыптасуыма бірден бір септігін тигізген Қазақстан деді. Сосын Рыбакина келімсек деп қайта-қайта тиісе берудің қажеті жоқ. Кукушкин, Шведова, Недовесов, Голубев барлығы жат жұртта туып Қазақстан азаматтығын алған адамдар. Осы ойыншылардың арқасында елімізде үлкен теннис дамыды. Оны мойындайық. Аружан Сағандықова, Жібек Құламбаева, Бейбіт Жұқаев секілді қаракөз жастарымыз осы ойыншыларға еліктеп теннис ойнауды бастаған. Елена Уимблдонды жеңіп жатса мыңдаған балалар теннис спортына келуі мүмкін. Солардан ертең чемпиондар шығады. Міне әңгіменің төркіні қайда!

Рыбакина

Екі теннисші бір-бірімен үш рет кездескен. Соңғы ойында Рыбакина жарақатына байланысты кездесуді ақырына дейін ойнай алмаған. Оның алдында бір рет жеңіп, бір мәрте жеңілген. Статистика осылай дейді, демек күш тең. Финалдық ойында мамандар терезесі тең ойын болады деп бағалапты. Ал біз Рыбакинаға 100% сенеміз. Бойында чемпиондық менталитет бар екенін Халепқа қарсы ойында көрсетті емес пе?! Сол қарқынмен финалда чемпион болады деп сенейік.

Олжас Байбосынов

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте