ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Рыбакина «Уимблдонның» финалына шығуы тиіс. Оған тұшымды бес себеп бар

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мансабында алғаш рет «Уимблдонның» ширек финалына жолдама алды. Финалға дейінгі қарсыластары да Ленадан оқ бойы алда тұрған жоқ. Осы орайда отандасымыздың финалға шығуы тиістігіне төмендегідей бес факторды келтірдік.

Елена Рыбакина

Біріншіден, бұл турнир көк майса төсенішінде өтіп жатыр, ал Лена қыздың соққылары жойқын эйстен эйс жасап, қарсыластарын әбден әбігерге салуда. Әйелдер теннисінде тегеурінді соққымен допты ойынға қосу өте маңызды, ал брэйкті екінің бірі жасайды. Рыбакина допты ойынға қосқан геймдерінде өте сенімді ойнауда. Бұл негізгі себеп.

Екіншіден, қазіргі уақытта әйелдер теннисінен фаворит деген терминді мүлде алып тастау керек. Иә, бірнеше жыл бұрын Серена Уильямсті турнир басталмай жатып құттықтап қоятын. Қазір турнирдің нөмірі бірінші және нөмірі екінші ракеткалары алғашқы айналымда-ақ жеңіліп қалды. «Уимблдон» – тосынсыйлар көп болатын қызық турнир.

Елена Рыбакина

Үшіншіден, Grand Slam турнирлерінде аса танымал бола қоймаған теннисшілер арсында чемпион болып тұрады. Әрине, әйелдер арасындағы сайыстарда. Ерлер жайлы бұлай айту қиын. Сол баяғы Джокович пен Надаль шаршамайды, қартаймайды. Осылар темірден жаралған ба дейсің кейде. Мысалы, өткен маусымда US Open турнирін Эмма Радукану жеңді. «О, тоба» дедік. Ол турнирді іріктеу кезеңінен бастаған еді. Гиннес рекордтар кітабына енді. Бұрын соңды теннистің 100 жылдан астам тарихында болмапты мұндай оқиға. Сол сияқты әр жылдары «Үлкен дулыға» сайыстарында Франческо Скявоне, Маруон Бартоли, Бянка Андреску, Флавио Пеннета, Елена Остапенко сынды көптеген теннисшілер топ жарған. Яғни орта деңгейлі теннисшілер арасында «Үлкен дулыға» тұжырымына кіретін турнирлерді жеңіп алу дәстүрге айналған. Рыбакина да бұл теннисшілерден кем емес. Керісінше, артық жағы көп – бойы ұзын теннисші. Бұл спортта сұңғыла бойлылығың айтарлықтай басымдылық береді.

Төртіншіден, Еленаның соңғы екі айдағы кездесулеріне қарайтын болсақ, ойынында тұрақтылық бар. Артқы сызыққа дәлдеп ұратынды шығарды. Соққысы сызықтың үстіне барып құлайды. «Роллан Гарроста» сәттілік жетіспеді, әйтпесе сол Мэдиссон Кизді жеңіп-ақ тұр еді. Үшінші сетті тайбрейкте жеңілді емес пе? Тайбрейгі құрғыр лотерея ғой. Қап дедік! Жалпы Рыбакинаның мансабында сәттілік жетіспей қалған маңызды матчтар көп. Сол Токиодағы жартылай финал немесе үшінші орын үшін болған ойын еріксіз еске түседі. Рыбакина психологиялық тұрғыдан сынып қалатын еді. Қазір мүлде басқаша, өз-өзіне сенімділігі артқан. Мартичті жеңгенде қуанған да жоқ, өйткені топ деңгейдегі теннисші үшін төртінші айналымнан өту қалыпты жағдай болу керек.

Елена Рыбакина

Бесіншіден, келесі қарсылас – Томлянович. Хорватияда дүние есігін ашып, Аустралия атынан ойнайтын теннисші үшін бұл «Уимблдондағы» қатарынан екінші ширек финал. Жақсы көрсеткіш. Соңғы жылдары әр маусым кемі екі-үш рет жарақат алатын ойыншы Рыбакина ұсынатын қарқынға төтеп бере алмайтындай. Оның үстіне Еленаның тығырыққа тірейтін бірінші соққылары және Айланың жеке өмірінде де проблемалар бар дегендей. Сеньор Берретинимен жолдары екіге айырылыпты. Жеке өмірдегі қиындықтар кордтағы ойынға кері әсерін тигізуі бек мүмкін. Жартылай финал ше? Ол жақта Симона Халеп күтіп тұруы керек. Халеп аталған турнирде жақсы ойнайды. Чемпион да болған. Екі жыл бұрынғы Рыбакина – Халеп ойынын еске алайық. Лена Дубай төрінде сол кездегі нөмірі бірінші ракеткаға қарсы супер матч өткізіп, тағы сол сәттілік жетпеді. Арада екі жыл өтті. Симона бұрынғыдай әбжіл емес, керісінше, Рыбакина жарап тұр. Тарихи қаладағы тарихи жеңіс болады деп сенейік.

Олжас Байбосынов

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте