ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Роналду Тен Хагпен салғыласып, командаластарынан бөлек тамақ ішеді. Келісімшарт бұзылуы мүмкін

Роналду «Манчестер Юнайтедтен» кетпей тыныш таппайтын секілді. Тіпті, ол Тен Хагтың да жынына тиіп бастады. Келісімшарт бұзылуы бек мүмкін. Клуб қазірден Криштің орнына шабуылшы іздеуде.

Роналду

Осыдан бірнеше апта бұрын Эрик Тен Хаг мырзаның Роналдуды командада қалдырып, бірге жұмыс істегісі келген еді. Ал қазір бәрі басқаша сыңайлы. The Athletic бапкерлік штаб португалиялықтан құтылуға қарсы емес деп хабарлайды. МЮ Криштианудың клубқа, ойыншыларға деген көзқарасын титтей де болсын өзгерткенін қалайды. Олай болмаса, келісімшартты бұзуға дайын, деп жазады Sky Sports.

Осы тектес жаңалықтардың көп болғаны сонша, МЮ ресми мәлімдеме жасап, жоғарыдағы ақпараттарды жоққа шығарып, Роналдумен келісімшарттың бұзылмайтындығын және оның сатылмайтындығын хабарлады. Клуб ішіндегі кикілжіңді кімнің растағысы келеді дейсіз?

Роналду

Юнайтедті төмендегі жағдайлар алаңдатуда:

  • Роналдудың жанкүйерлермен қарым-қатынасы нашарлауда. Бұл аутизмі бар баланың телефонын лақтырған ескі жағдай туралы емес, «Брентфордқа» қарсы ойында Криштиануға жанкүйерлер жайғасқан трибунаға барып, командамен бірге кешірім сұрауды өтінген, бірақ ол қолын бір сілтеп, кері бұрылып кетіп қалған.
  • Криштиану жалғыз тамақтанып, командалық жиналыстарда әріптестерінен мүмкіндігінше оқшаулануға тырысады, тіпті португалиялықтармен де сөйлеспейді. Бұл көпшілікке ұнамайды. Олар Роналдуды тым өзімшіл деп санайды, ал онымен сөйлесе алатын беделді капитан жоқ.
  • Роналду жаттығу кезінде Тен Хагпен үнемі салғыласады. Мұның бәрі оның прессинг жасауды қаламайтындығынан, дейді инсайдерлер. Бұл жаттықтырушыны қатты алаңдатады, өйткені ол Криштианумен тіл табысып кетеміз деп ойлаған.
  • Тен Хагтың ерекше жазасы туралы естіген шығарсыз – демалыс орнына жаттығу базасында 13,8 км жүгіру. The Athletic мұны растады және Криш қашықтықты толығымен жүгіріп өтіпті. Бірақ бұдан клубқа қандай пайда?

Белгілі ВВС де жоғарыдағы ақпараттармен келісіп, «МЮ Роналдуды жазда жіберуге дайын. Оның нашар көңіл күйі клубқа кері әсерін тигізуде. Криштиану басқа ойыншылармен сөйлеспейді және кеткісі келетінін жасырмайды. Юнайтед енді жағдайды түзей алатынына күмәнмен қарайды. Клубтағы кейбір жандар Роналдудың кетуі команданың нәтижесіне оң әсерін тигізетініне сенімді», деп жазады.

Роналду мен Тен Хаг

Тен Хаг клубты шабуылшы сатып алуға мәжбүрлемейді. Нидерландылық маман әлі де Антони Марсьял мен Маркус Рэшфордқа сенеді және Джейдон Санчоның ілгерілеуін күтуде. Бапкер командасына алаңның ортасында жақсы ойнайтын футболшы ауадай қажет екенін түсінеді. Сондықтан жаңа форвард іздеу бірінші орында емес.

Сонда да Роналдудың кетуі клубтың жоспарларын айтарлықтай өзгертеді. Ол кетсе, командада номиналды орталық шабуылшы қалмайды.

Роналду мен Варди
  • МЮ көзінің бір қырымен Альваро Моратаға қарап отыр. «Атлетико» испаниялықты 35 миллион еуроға беруге дайын және саудаласпайды да. Альваро қайтадан Англияда ойнауға қарсы емес, бірақ Симеонемен жақсы қарым-қатынаста болған соң кетуге де құштар емес.
  • Тен Хаг «Реалдың» тәрбиеленушісі, «Эспаньолдың» шабуылшысы Рауль де Томасқа көз тікті. Ол жаз бойы кеткісі келді, бірақ жалғыз үміті, «Реалымен» жолы түйіспеді. Рауль көп ойнауды армандайды, бірақ жасы 27-ге келсе де топ-клубта бірде-бір толық маусым өткізбеген.
  • 2016 жылғы нұсқа – 35 жастағы Джейми Варди. The Athletic клуб шынымен де Вардиді қатарға қосқысы келеді, деп хабарлайды, бірақ «Лестердің» оны жібергісі жоқ.
  • Мүмкін болған, бірақ бас тартуға мәжбүр нұсқа – 33 жастағы Марко Арнаутович. Тен Хаг оған қызығушылық танытты және МЮ «Болоньяға» 9 миллион еуро ұсынды (бұл туралы Джанлука Ди Марцио хабарлады). Бірінші ұсыныс қабылданбады және жанкүйерлердің шуынан кейін клуб бұл мүмкіндіктен бас тартты.
  • Роналдудың Мадридке оралуына себепші болар нұсқа – 23 жастағы Матеус Кунья. talkSPORT дерегіне сенсек, МЮ «Атлетиконың» шабуылшысын 42 миллион фунтқа сатып алуға жақын екен. «Атлетико» болса Криштиануға қызығушылық танытып отыр, бірақ бұл трансфердің Ронға түк қатысы жоқ деп топшылануда.
  • Ал GFFN дерегі бойынша, МЮ Икардидің өкілдерімен ықтимал трансфер бойынша сөйлесіпті. Аргентиналық форвард АПЛ-де ойнағысы келеді. Алайда ПСЖ мен МЮ арасында ресми келіссөз жүрмеген.
Роналду

«Манчестер Юнайтед» АПЛ-дің алғашқы екі турынан кейін бірде-бір ұпайсыз соңғы, 20-шы, сатыда келеді. Бұлай жалғаса берсе, клубқа топ-4 тұрмақ, үздік ондыққа кіру мұңға айналмақ. Сондықтан команданың ішкі атмосферасына кері әсерін тигізіп, кетуді қалап отырған ойыншыны еркіне жіберген жөн.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте