ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Ордабасының» басына қара бұлт үйірілді. Байсейітов команданы сақтап қала ала ма?

«Ордабасы» ҚазақстанПремьер-лигасының келесі маусымына қатыса алмайды. Осы ретте Meta-ratings.kz тілшісіклубтың дағдарысқа ұшырауына ненің себеп болғанын анықтап көрмек.

Ордабасы

Бірнеше күн бұрынҚазақстан футбол федерациясы «Ордабасының» қаржылық қиындықтарға байланыстысертификаттау процессінен өте алмай жатқанын мәлімдеді. Клуб ақпан айына дейінқарызынан толық құтылмаса, Премьер-лигадан шеттетіледі. Бұл қарызды есептерболсақ, он күн ішінде төленетін ақша емес екенін түсінеміз.

«Ордабасы» клубынаөткен маусымның басында әкімдік тарапынан үш жарым миллиард теңгенің бөлінетінітуралы хабарланған еді. Бірақ кейінірек бұл қаржы 2 миллиардқа дейін қысқарды және бірден емес, бөлініпберілетін болды. Осылайша, «Ордабасы» маусым басында 1,2 миллиардқа ие болды. Үш жарым миллиардты жаратамыз депжоспарлаған шымкенттік клуб маусым ортасында үлкен мәселеге тап болды. Әкімдікқалған ақшаны бермейміз деген шешім қабылдады. Дәл сол кезде клуб президенті Бақтияр Байсейітов көп жалақы алатын ойыншылардан құтылып, чемпионатты аман-есен аяқтауға тырысатынын айтты:

«Ордабасы» ешқашан «Ертістің» күйін кешпейді. Менің басты тапсырмам қанша қиын болса да, клубты сақтап қалу керек. Біз жақсы ойыншыларымызды алып қалуға тырысамыз, жергілікті және басқа өңірлердегі жастарды да қосамыз. Қазір бастысы клубты сақтап қалып, чемпионатты лайықты түрде аяқтауымыз қажет. Ал әрі қарай соғыс өз жоспарын көрсетеді».

Бақтияр Байсейітов

Сондай-ақ Бақтияр мырза бюджетті қысқарту туралы шешімнің ерте қабылданғанын айтып, шағымданды.

«Мен кәсіпқой футбол клубтарының бюджетін қысқарту жайлы мәселеге тоқталғым келеді. Менің ойымша, мұндай шешімді жағдайды білмей жатып, тез қабылдау дұрыс емес. Ең алдымен клубтарға сараптама жасап, 2-3 жылдан соң ғана жаңа ережелерге көшу керек», - деді Байсейітов мырза.

Клубтан сол сәтте қақпашы Игорь Трофимец, қорғаушылар Темірлан Ерланов, Бағдат Қайыров, Тимур Досмағамбетов, Пабло Фонтанелло, жартылай қорғаушылар Мирзад Механович, Рубен Бриджидо, Тоқтар Жаңғылышбай және Жоао Пауло кетті.

Жоао Пауло

«Ордабасы» оларды азжалақы алатын және жергілікті футболшылармен алмастыра бастады. Олардың ішіндеТәжікстан құрамасының ойыншысы Мұхамеджан Рахимов, украиналық Дмитрий Хлебасжәне қазақстандық футболшылар, атап айтсақ, Карам Сұлтанов, Тимурбек Зәкіров, ЖавлонбекБабаназаров бар. Александр Седнев жаттықтыратын команда маусымды бесіншіорынмен аяқтады. Соңғы турда «Қызыл-Жармен» еурокубок жолдамасын сарапқа салды,бірақ 92-минутта петропавлдық клуб жеңісті жұлып әкетті.

Ордабасы

Шымкенттік клуб сол күйі легионерлер алдындағы қарызды өтей алмады. Команданың президенті Бақтияр Байсейітов оларға уәде бергенімен, орындамады. Олардың ешқайсысы ФИФА-ға арызданбаған секілді. Егер клубтың үстінен шағым түссе, «Ордабасыға» айыппұл салынады. Легионерлерден бөлек, командада қалған футболшылар мен бапкерлер штабы соңғы сегіз ай бойы жалақы алмаған екен. Осылай жүргенде, клубтың мемлекет алдындағы берешегі де көбейе берді. Сенімді инсайдерлердің мәліметіне сенсек, «Ордабасы» ұзақ уақыт бойы салық төлемеген екен. Мұның өзі 2 миллиард теңгеден асып жығылады. Бұл қарыздың қалай жиналғаны белгісіз, бірақ қазір ҚПЛ клубтарының жылдық бюджетінің өзі мұндай ақшаны құрамайды.

Самат Смақов

Бас бапкер АлександрСедневтің көмекшісі болып қызмет еткен Самат Смақов жақында ғана бергенсұхбатында Байсейітовтің клубты құтқару үшін бәрін жасап жатқанын мәлімдеді.

«Клуб президенті Бақтияр Байсейітов маусым барысында ойыншыларға ақшаны өз қалтасынан төледі. Қазір ол команданы сақтап қалу үшін қолынан келгеннің бәрін жасауда», - деді Смақов.

Қала әкімдігініңқарызды құтылыңдар деп беретін ақшасы жоқ. Қаржы болғанымен де, қала әкімі мұныфутбол үшін бөле қоймас. Қазақстандағы футболдың дамуы тікелей әкімдергебайланысты. Бұл спорт түрін жақсы көретін әкімдер өз өңіріндегі футболклубтарына көп көңіл бөледі. Мысал ретінде Қостанай облысын басқарып отырғанАрхимед Мұхамбетовті айтуға болады. Шымкентте де бірнеше жыл бұрын осындай әкімболған еді. Ғабидолла Әбдірахымов команданың алдына міндеттер жүктеп, оныңорындалуын жеке өзі бақылады. Тіпті матчтарды стадионнан тамашалап, әлеуметтікжеліде жанкүйерлерді ойынға шақырды. Оның кезінде шымкенттіктер қола жүлдегеқол созды.

Ғабидолла Әбдірахымов

«Ордабасының»Премьер-лигаға қатыса алмауы бірнеше клуб үшін тамаша жаңалық болып табылады.Бірінші лигаға аттанған қызылордалық «Қайсар» және ҚПЛ-на шыға алмаған«Оқжетпес» осы жағдайды пайдаланғысы келеді. Көкшетаулық клуб қарызынабайланысты бірнеше ұпайдан айырылған болатын. Ал қазір команда берешегін жабуүшін жұмыс істеп жатыр. Бірақ «Ордабасының» орнын Шымкенттің тағы бір өкілі «Қыран»басуы ықтимал. Бұл команда өткен маусымда жолдама алуға өте жақын болды, бірақүшінші орынға ие болды. Енді Шымкент қаласының әкімдігі тек осы команданықаржыландыратын болады.

Қыран

«Ордабасының»ойыншылары қазір басқа клубтармен келіссөздер жүргізуде. Команданың белдіойыншылары Абдуллай Диакате, Еркебұлан Тұңғышбаев және Бекхан Шайзада мансабын«Тұранда» жалғастыруы мүмкін, ал ресейлік қорғаушы Александр Клещенкоға«Ростов» көз тігіп отыр. Бас бапкер Александр Седнев БАТЭ-ні тізгіндейді дегенақпарат бар, оның көмекшісі болып еңбек еткен Андрей Ферапонтов «Мақтаарал»клубының бас бапкері атанды.

Ордабасы

Егер ҚФФ рұқсат берсе, «Ордабасы» Бірінші немесе Екінші лигада бақ сынауы мүмкін. Бірақ қаржы тапшы болғандықтан, тек жергілікті ойыншыларға сенім артады. Ал қарызынан сол күйі құтыла алмаса, Қазақстан кубогі мен Суперкубогін жеңіп алған және екі мәрте ел біріншілігінің қола жүлдегері атанған шымкенттік клуб «Елім-ай», «Жеңіс» және «Ертістің» жолын қайталайтын болады.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте