Выбор пользователей

Мунгия немесе Мурата. Головкиннің келесі қарсыласы кім болады?

Орта салмақта IBO және IBF белбеулерінің иегері Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) келесі қарсыласы кім болады? Дәл қазір бокс сүйер қазақ жанкүйерінің басты сауалы осы болып тұр. Осы орайда біз бұл сұрақтың жауабын қарастырып көрейік.

Головкин

Қазір көпшілік Головкинмен қарымды қарсылас күтіп отыр. Өйткені қазақстандық боксшының соңғы кездесудегі қарсыласы осал болды. Иә, әлсіз болды деп айта аламыз. Польшаның үмітін арқалаған Камиль Шеремета GGG-ға еш қиындық туғызбады. Чемпионымыз оңай ұтты. Белбеулерін 21-рет қорғап, рекорд та орнатты.

Енді мықты қарсылас керек. Мықты қарсылас дегеніміз кімдер? Америкалық басылымдар Генаға лайықты қарсылықты мексикалық боксшы Хайме Мунгия (36-0, 29 KO) көрсетеді дейді. Көрсетуі де мүмкін. Ол кәсіпқой бокста 36 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 29 кездесуде қарсыластарын нокаутқа түсірген.

Мунгия әлде Мурата? Мексикадан Жапонияға дейін..

Головкинмен Мунгия командасы келіссөз де бастапты. Мұны мексикалық боксшының кездесулерін ұйымдастыратын Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының басшысы, атақты Оскар Де Ла Хойя растады. Промоутердің айтуынша, ол аталған кездесуді 5-мамыр күні, Мексиканың ұлттық мерекесі «Синко де Майода» ұйымдастырмақшы.

Бокс

Бірақ Мунгия туралы жаңалық шыққан соң, RingPolska басылымы қазақстандық боксшының командасы жапониялық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) келіссөз бастағанын хабарлады. Негізі бұл басылымның ақпаратына сенуге болады. Себебі дәл осы дереккөз Головкиннің Шереметеға қарсы жекпе-жегі туралы бірінші болып хабарлады.

35 жастағы Мурата орта салмақта WBA Super белбеуінің иегері. Головкин жапон жігітінің осы белбеуіне қызығып отыр. Жекпе-жек көктемде өтуі ықтимал. Бірақ жоғарыдағы басылым, Риотаның бір шарты бар екенін жазады. Ол шарт бойынша, Мурата Головкинмен кездесуге дейін, бір айқас өткізіп алуы керек екен. Алайда, жерлесіміз ондай шартқа келіспеуі де мүмкін.

Бокс

Нельсонның сенімділігі мен «Канелоның» жекпе-жектен бас тартуы

Көпшілік Мурата мен Мунгия туралы айтып жүргенде ортаға Виктор Нельсон (27-3-1, 17 КО) деген боксшы қосылып, «Головкинді құлатамын», - деп батыл мәлімдеме жасады. Бұл жігіт қатты танымал емес. Бұған дейін бірінші орта салмақта өнер көрсеткен. Енді орта салмақты шулатамын дейді. Алайда Нельсонның негізі Головкинге қарсы шығу мүмкіндігі өте төмен.

Головкинмен кездесуге Крис Юбенк деген боксшы да үмітті. Юбенк те бұл жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. Дегенмен бұл мәлімдемелердің барлығын Крис тек атын шығару үшін жасап жатыр. Әйтпесе қазақстандық боксшы бұл жігітпен кездесуге мүлде ниетті емес.

Бокс

Енді соңғы кандидатты қарастырып көрейік. Ол әрине Сауль «Канело» Альварес (54-1-2, 36 КО). Бірақ жақын арада бұл екі боксшы кездеспейтін шығар. Себебі қазір Сауль супер орта салмаққа ден қойды. «Мен Головкинмен кездесуге ниетті емеспін. Қазір басты мақсатым – супер орта салмақта абсолютті әлем чемпионы болу. Ал Головкин маған қызық емес. Мен оны жеңдім. Билли Джо Сондрес, Калеб Плант секілді жігіттермен жұдырықтасқым келеді», - деді «Канело» бұл мәселеге байланысты ESPN арнасына берген сұхбатында.

Әзірше осы бес қарсылас. Дейтұрғанмен алда әлі Головкинді жекпе-жекке шақыратындар көп болатыны анық. Осы бес қарсыластың ішінен отандасымызбен жекпе-жек өткізуге Хайме Мунгияның мүмкіндігі жоғары. Бұл кездесуді DAZN-да қолдауы керек. Өйткені оларға көрермендер көретін жекпе-жек керек. Ал Головкиннің дәл осы компаниямен келісімшарты бар екені белгілі.

Бокс

Yahoo! Sports тілшісі Кевин Йолдың ақпаратына сүйенсек, келісімшарт 100 миллион долларға жасалған. Шартнама бойынша, Головкин жылына екі кездесуден өткізу керек. Биылғы бірінші кездесуі мамырда дейді америкалық тілшілер.

Оның үстіне Мунгия мен Головкиннің командалары бір-бірлерін жақсы таниды. Осыған дейін олар «Канело» мен GGG арасындағы айқасты екі рет ұйымдастырған. Осы дүниелерді алға тартып болжайтын болсақ, онда қазақстандық боксшының келесі қарсыласы Мунгия болады деп 70 пайыз сеніммен айтуға болады.

Уәлихан Қосанбай

Рейтинг:
0
Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Матч-центр
21:45
Футбол
Англия Премьер-лига
Саутгемптон
-:-
Ливерпуль
Саутгемптон — Ливерпуль
20:00
Футбол
Греция Суперлига
Джаннина
-:-
Арис
Джаннина — Арис
20:00
Футбол
Греция Суперлига
ПАОК
-:-
Панатинаикос
ПАОК — Панатинаикос
20:00
Футбол
Греция Суперлига
АЕК Афины
-:-
Олимпиакос
АЕК Афины — Олимпиакос
17:00
Футбол
Узбекистан Высшая лига
Металлруг Бекабад
-:-
Динамо Самарканд
Металлруг Бекабад — Динамо Самарканд
17:00
Футбол
Узбекистан Высшая лига
Невбахор Наманган
-:-
Нефтчи Фергана
Невбахор Наманган — Нефтчи Фергана
17:00
Футбол
Узбекистан Высшая лига
Насаф Карши
-:-
Кызылкум Зарафшон
Насаф Карши — Кызылкум Зарафшон
21:45
Футбол
Англия Чемпионшип
Ноттингем Форрест
-:-
Шеффилд Юнайтед
Ноттингем Форрест — Шеффилд Юнайтед

Статьи по теме