«Мені аяқтан шалғысы келетіндердің ісі». Елена Круглыхина спортшылардан ақша жинайды дегендерге жауап берді

Фристайл-могулдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Елена Круглыхина Meta-ratings.kz тілшісіне сұхбат берді. Ол Бейжіңдегі сәтсіздікті қорытындылап, өзіне тағылған айыптарға жауап берді.

Круглыхина

— Қысқы спорттағы басты мәселе не?

— Біз - жас мемлекетпіз. Біз келесі Олимпиада ойындарында жеңіске жетудің жолдарын табамыз және оған бүгіннен бастап дайындалуымыз керек. Сондықтан өзіміздің базаларымыз, кешендеріміздің болуы маңызды. Могул жолын салуға миллиондаған доллар кетпейді. Қазір біздің жаттығу жасайтын орындарымыз тіптен кішкентай. Инфрақұрылымды дамытуға тиіспіз.

— Олимпиада неге сәтсіз аяқталды?

— Олимпиадашыларда мынандай түсінік бар: яғни спортышыға физикалық қабілеттен бөлек, сәттілік те қажет. Біздің ПТР-тесттен жолымыз болмады. Бұған кім жауапты екенін білмедім. Бәлкім, Халырақалық Олимпиада комитеті мүмкін Бейжіңдегі ұйымдастырушылар болар. Әйтеуір, ПТР-тест нәтижесі 3 сағатқа кешікті.

— Бейжіңге дейін сізді айыптағандар бар. Спортшылардан ақша жинаған екенсіз…

— Бұл арандату. Провакация екені анық. Команданың сәтсіз өнер көрсетуі үшін әдейі жасады.

Сосын мен мұны қалыпты жағдай деп бағалаймын. Өйткені нәтиже бар жерге тұмсығын тыққысы келетіндер табылады. Егер менен артық нәтиже көрсеткілерің келсе, орнымды босатуға дайынмын деп айтқанмын.

Круглыхина

— Өзіңіз осындай ұрыс-керіс, жанжалдарды жақын жүретін жансыз ба?

— Жоқ мен ондай емеспін. Кикілжіңді ұнатпаймын. Бірақ мені мәжбүрлейді. Бұл да қалыпты жағдай. Сондай кезде одан сайын жігерленемін. Өз саламның үзідігімін деп айта аламын.

— ҰОК бас хатшысы Андрей Крюков фристайл-могул 537 миллион теңге бөлінгенін мәлім етті. Осы қаржыны бөлгенде спортшылар қолдарына ала ма?

— Бізге әрбір тиын жетті. Сосын спортшылардың картасына аудару туралы ұсыныстың бастамашысымын. Бапкерлер емес, осы күні спортшылар өздері алады. Бапкерлер ақшаға араласқан емес.

— Жақында сіздің құрбыңыз Елена Хурсталева бір сұхбатында жасөспірімдерден ересектерге ауысқанда көптеген спортшыны жоғалтып алатынымызды айтты. Бұған қандай фактор себеп?

— Бірнеше себебі бар. Олимпиада орталығына қателеспесем, 12 жастан қабылдайды. Сосын 20 жасқа дейін жүруге болады. Бірақ олар жалақы төлемейді. 18-20 жастағы ересек адам дым ақша алмайды. Амал жоқ, туған-туыстарының есебінен күн көреді. Сосын спортты тастап, жұмыс істеп кетеді. Біреуі көлік жөндейтін орталықта, екіншісі мейрамханада офицант болып жүреді. Сол кезде көбісінен айырылып қаламыз.

Круглыхина

— Ресейде шаңғы федерациясын бұрынғы спортшы Елена Вяльбе басқарады. Оның осы жолғы шешімдері мен атқарған жұмысының арқасында олар жақсы нәтижеге қол жеткізді. Бізге де сондай тәжірибе қажет пе?

— Бұл жерде мәселе өте нәзік. Ресей - үлкен мемлекет. Оларда спортқа көп ақша бөлінеді. Вяльбе - өзі Олимпиада чемпионы. Дайындаған жобасын қолға алып, шенеуніктердің кабинетіне барған. Жолы болып, олар қолдаған. Міне, соның құрамды таңдау кезінде және басқа тәуеуел еткен шешімдері өз жемісін берді.

Осы ретте Юлия Галышеваны айтайын. Ол қалай Олимпиада жүлдегері атанды. Мен құрама тізгінін ұстаған кезде Сәкен Мұсайбеков Мәдениет және спорт вице-министр болып тағайындалды. Жолым болды ма, әлде қажетті сөзді тауып айта алдым ба, екеуіміздің ойымыз бір жерден шықты. Мен ол кісіге медаль әкелеміз деп уәде еттім. 2015 жылдан бастап, Олимпиадаға дейін бізде мәселе болған емес. Жарыстарға уақытылы қатысып тұрдық. Тек қаңтар оқиғасы кезінде ғана қиындық туындады.

— Ал қазір фистайл-могулда қандай мәселе бар?

— Бізге осы маусымды аяқтау керек болып тұр. Өйткені дәл қазір қаржы жоқ. Ұлттық Олимпиада комитеті министрліктен ақша алмаған. Сондықтан алдағы әлем кубогының үш кезеңіне қатыса алмаймыз.

Круглыхина

— Министр Дәурен Абаев нәтиже көрсетпеген бапкерлерді ауыстыру керек деп жатыр. Бізде жаттықтырушылар қабілеттерін шыңдаумен айналыса ма?

— Спорт та бір орында тұрмайды. Мен үнемі ізденемін. Бапкерліктен бөлек, спорттық медицинаға қызығушылық танытамын. Сәуір айында Ресейдің Пермь қаласына спорттық медицина бойынша семинарға барамын.

Сұхбаттасқан: Бек Төлеуов

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте