ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Криштиану Роналдудың «Манчестер Юнайтедке» оралғаннан кейінгі алғашқы айы қалай өтті?

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдудың «Манчестер Юнайтедке» қайта оралғанына бір айдан астам уақыт өтті. Бұл ретте Meta-ratings.kz тілшісі футболшының осы уақыт аралығындағы ойынына шолу жасамақ.

Роналду

Роналдудың «Манчестер Юнайтедке» ауысатыны туралы ресми ақпарат 27 тамызда шыққанымен, шабуылшы Англияға 9 қыркүйек күні келді. Ал «қызыл сойқандар» екі күннен кейін Премьер-лигада «Ньюкаслға» қарсы ойнады. Оле Гуннар Сульшер португалиялық футболшыны негізгі құрамда шығарды. АПЛ-де қалай ойнау керектігін ұмытпаған Криштиану «Армандар театры» деп аталатын стадиондағы алғашқы матчтың өзінде дубль жасады. Одан кейін Чемпиондар Лигасында «Янг Бойзға», «Вильярреалға» және АПЛ аясында «Вест Хэм» қақпасына гол соқты. Бірақ «Астон Вилла» мен «Эвертон» қақпасынан саңылау табу мүмкін болмады. Яғни «манкуниандықтар» үшін алты матчқа қатысып, бес гол соқты. Роналдудың МЮ сапындағы статистикасы осындай болды.

Роналду

Енді португалиялық футболшының осы уақыт аралығында жасаған рекордтары мен ерекше жетістіктеріне тоқтала кетейік. «Ньюкаслмен» болған матчта Криштиану «Манчестер Юнайтед» тарихында гол соққан ең егде үш ойыншының қатарына енді (36 жас, 218 күн). Рекорд Райан Гиггзге тиесілі (39 жас, 86 күн), Пол Скоулз екінші орында тұр (37 жас, 304 күн).

Роналду және Гиггз

Шабуылшы тек АПЛ-де ғана емес кәрі құрлықтың басты додасында да рекордтарды жаңартты. «Янг Бойз» - Чемпиондар лигасында Роналду гол соққан 36-шы клуб болды. Бұрын бұл көрсеткіш бойынша Лионель Месси көш бастаса, қазір қос ойыншы бұл нәтиже бойынша теңесті. Ал «Вильярреалмен» болған матчта футболшы Чемпиондар Лигасындағы 178-ші матчына қатысып, бұрынғы командаласы Икер Касильястың (177) рекордын бұзып, тарихқа енді.

Роналду және Касильяс

Криштиануға МЮ сапындағы алғашқы жүлдесіне қол жеткізу үшін бір ай жеткілікті болды. Ия, бұл трофей емес, жеке жүлде. Португалиялық футболшы Англия Премьер-лигасының қыркүйек айындағы үздік ойыншысы деп танылды. Ол дауыс беру барысында Канселу, Рюдигер, Сент-Максимен, Салах, Сарр секілді ойыншыларды басып озды.

Бірақ The Athletic порталы шабуылшының әлсіз тұсын таба алды. 36 жастағы футболшы қарсыласқа прессинг жасау бойынша Премьер-лигадағы ең нашар шабуылшы деп танылды.

Роналду Англияға оралғаннан кейін құны 7 миллион еуро болатын зәулім сарайға жайғасты. Бірақ мұнда көп тұрақтамай, көшіп кетуге мәжбүр болды. Үйдің жанында қой шаруашылығымен айналысатын ферма бар екен. Футболшы мен оның жанұясына қойдың дауысы демалуға кедергі келтірген көрінеді, сондықтан футболшы Чеширдегі арзандау үйге көшті.

Бұл жағдайды естіген «Манчестер Юнайтедтің» экс-футболшысы Патрис Эвра өзінің Instagram парақшасында: «Алаңдама, Криштиану. Мен өз қойларымды сенің үйіңнен алысқа әкетіп барамын. Бақташының қолынан бәрі келеді», - деп әзілдеді.

«Қызыл сойқандар» Англия Премьер-лигасының 6-туры аясында «Астон Вилладан» 1:0 есебімен жеңілді. Осы ойыннан кейін «Астон Вилла» жанкүйерлерлері Роналдудың гол соққанда жасайтын әрекетін жарыса істеп, көңілдерін бір көтеріп алды.

«Янг Бойзге» қарсы матч алдындағы жаттығу кезінде Роналдудың қақпаға бағыттаған соқысы стадионда қызмет ететін әйелдің басына тиді. Нәтижесінде стюард жерге құлап түсті. Криштиану тез арада кешірім сұрап, матч соңындағы әлгі қызметшіге өзінің жейдесін сыйға тартты.

Жейде демекші, 2 қазан күні «Манчестер Юнайтедтің» «Эвертонға» қарсы өткен кездесуіне Хабиб Нұрмағамедов қатысты. Ресейлік спортшы Роналдудың жақын досы болып табылады. Ол жетінші нөмірлі жейдені ұстап тұрған суретінің астына «Роналду мен Бекхэм бұл нөмірді алғаным үшін ренжімейтін шығар» деген жазба қалдырыпты. Одан бөлек, Хабиб клубтың аңызы Сэр Алекс Фергюсонмен және Поль Погбамен кездескен екен.

Роналдудың трансфері әзірге өзін ақтап жатыр деп айта аламыз. МЮ «Ювентуске» көп ақша төлемеді, есесіне манкуниандық клуб Криштиануды АПЛ-дегі ең көп жалақы алатын футболшы етті. Португалиялық футболшының Англияға оралуы «Манчестер Юнайтед» үшін пайдалы болуда. Біріншіден, клуб енді гол соғу мәселесіне алаңдамайды. Екіншіден, Санчо, Гринвуд, Рэшфорд секілді жас ойыншылар тәжірибе жинайды. Үшіншіден, Роналдудың келуі көп футболшылардың шешіміне әсер етеді. Мысалы, Погба әзірше клубтан кету туралы ойланбауда. Одан бөлек, «қызыл сойқандар» Роналдуға кететін ақшаны жейде сату арқылы өндіруде.

Роналдудың Англияға қайта оралғаннан кейінгі алғашқы айы қай жағынан алып қарасақ та керемет өтті. Ұлттық құрамада да топырлатып гол соғып жүрген 36 жастағы футболшы мұнымен тоқтап қалмайды деген сенімдеміз.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте