Кәсіпқой боксшы Александр Усик Лондон Олимпиадасының алдында Қостанайдың намысын қорғаған

Кәсіпқой бокстан WBA Super, WBO, IBF және IBO тұжырымдарыбойынша аса ауыр салмақта әлем чемпионы атанған украиналық Александр Усикосыдан 10 жыл бұрын Қазақстанда бокстасқан. Осы бір тарихи сәтті Meta-ratings.kz тілшісі тағы бір еске түсіруді жөн көрді.

Усик

26 қыркүйектіңтүнінде Лондондағы «Тоттенхэм Хотспур»стадионында Александр Усик британиялық боксшы Энтони Джошуамен кездесті. 12раундқа созылған жекпе-жекте украиналық 117-112, 116-112 және 115-113 есебіменжеңіске жетті. Бұл Джошуаның спорттық карьерасындағы екінші рет қарсыласына есежіберуі.

Усик

Осылайша, ағылшын боксшысы барлық титулынан айырылып қалды. Ал Усик төрт тұжырым бойынша да әлем чемпионы атанды.

Бокс кешінен кейін 34 жастағы чемпион баспасөз мәжілісін өткізді. Жиында тілшілердің бірі одан Қазақстан туралы сұрады

«Мен бір кездері Қазақстанның «Қостанай» атты клубында легионер ретінде өнер көрсеткенмін. Жалпы, маған Қазақстан жақсы таныс. Бірнеше рет шаршы алаңда жұдырықтастым. Қазақ бокс мектебі өте керемет. Адамдары да жайдарлы», ­- дейді Александр Усик.

Украиналықбоксшының айтқан «Қостанай клубына қазір тоқталамыз. 2009 жылы Қазақстанәуесқой бокс федерациясына тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеубаласы, елдегі миллардерлердің бірі Тимур Құлыбаев басшы болып келді. Арада біржыл өткенде. Құлыбаевтың бастамасымен Қазақстан бокс федерациясы кубогыжолындағы жарыстар басталды. Сол кезде елдегі 14 облыс пен екі республикалықмаңызы бар қала 4 топқа бөлінді. Әр топтан үздік шыққан екі команда плей-оффқажолдама алды. Жарыс әріқарай олимпиадалық жүйемен жалғасты.

Солтүстікдивизионында өнер көрсеткен Қостанай облысының құрамында үш украиналық боксшыболды. Олар: 2008 жылы Еуропа чемпионы атанған Иван Сенай, 2009 жылғы әлемчемпионатының күміс жүлдегері Роман Капитоненко және АлександрУсик. Соңғысы ол кезде 2008 жылы құрлық жеңімпазы және 2009 жылы әлемчемпионатында қола жүлде алып үлгерген.

Қостанай командасы Федерациякубогында плей-оффқа дейін жетті. Оларды ширек финалда Қарағанды облысыныңқұрамасы тоқтатты. Орталық Қазақстан боксшылары 5,5:4,5 есебімен жеңіске жеткенеді. Яғни 5 салмақта Қарағанды, 4 салмақта Қостанай облысының боксшысының бағыжанса, бір салмақ тең аяқталды. Қарағанды негізінен жеңіл салмақтарда үздікшықса, қостанайлықтар ауыр салмақтарда жеңісті ешкімге берген жоқ. Әсіресе, жоғарыдааттары аталған үш украиналық 81,91 және +91 келі салмақтарда қарсыластарынанбасым түсті.

Александр Усик Қарағандыдажергілікті Алексей Севостьяновпен жұдырықтасты. Севостьянов бірнеше рет Қазақстанчемпионатында жүлдегер атанған, халықаралық Ғалым Жарылғапов турнирінің екідүркін жеңімпазы болған.

Усик

«Ол кезде Алексей жас, тәжірибе аз еді. Ал Усик әлем чемпионатында жүлде алып үлгерген. Бірінші раундта орамал тастап, жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Екі боксшының шеберлік деңгейінің айырмашылығы білініп тұрды. Оның үстіне, жас боксшы», ­- дейді сол кезде Қарағанды құрамасын жаттықтырған Ғалымбек Кенжебаев Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Сол жылы айтпақшы, Александр Усикелордада өткен Қазақстан Президентінің кубогына да қатысты. Дәстүрлі турнирдеол 91 келіде чемпион атанды. Ширек финалда болашақ Рио Олимпиадасының күмісжүлдегері Василий Левиттің осал тұсын тапты (8:4). Ал финалда кубалық Лейниера Пероны жеңді.

Левит

Келесі жылы Алматыдағы Кеңес одағыныңбатыры, Қазақстанның Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы халықаралықтурнир 16-рет ұйымдастырылды. Осы жарысқа қатысқан 170 боксшының арасындаАлександр Усик те болды. Ол финалда болашақ Токио Олимпиадасының қола жүлдегеріҚамшыбек Қоңқабаевпен жолықты. 19 жастағы Қамшыбек 2011 жылы 91 келідебокстасып жүрген. Жекпе-жек екінші раундтан кейін тоқтатылды. Усик айқынбасымдықпен жеңіске жетіп, турнирдің чемпионы атанды.

Қоңқабаев

Кейіннен Бүкіләлемдік бокс сериясыбасталды. Лондон Олимпиадасынан соң, Василий Ломаченко, Александр Усик секілдічемпиондар «Украина атамандары» сапында өнер көрсетті. Бұл команда финалғадейін қарсылас шыдатқан жоқ. Шешуші кезең елордада өтті. «Сарыарқа»велотрегіндегі финалда «Астана арландары» мен Украина атамандары» атамандарыжолықты. Александр Усик өз жекпе-жегін сәттіаяқтады. Ол «Астана арландарының» намысын қорғаған румын Михай Нистордың осалтұсын тапты. Бірақ жалпы есепте Қазақстан командасының бағы жанып, алғаш ретБүкіәләлемдік бокс сериясының кубогына ие болды.

Бек Төлеуов

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте