ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Гвардиоладан тәлім алып, «Аяксты» шыңға жетелеген Эрик тен Хаг жайлы не білеміз?

«Аяксты»жаттықтырыпжүрген Эрик тен Хаг «МанчестерЮнайтедтің» жаңа бас бапкері атанды. Қос тарап төртжылдық келісім-шартқа қол қойды. Бірақ голландиялық маман «қызыл сойқандарды»осы маусым аяқталғаннан кейін ғана тізгіндейді. Осы ретте Meta-ratings.kz тілшісі манчестерлік клубтың жаңа бапкеріне қатыстымәліметтерді жинақтады.

Тен Хаг Германиямен шекаралас маңдағы Нидерландының шағынОлдензал қаласында дүниеге келген. Ол өзінің футболдағы мансабын Хаксбергендегі«Бонбойз» клубында бастады және жастайынан жергілікті жаттықтырушылардыңжүйкесіне тиді.

«Ол тым көп сөйлейтін және әрқашан бәрін басқалардан жақсы білетін, әсіресе футбол туралы. Кейде жаттықтырушы оған: «Жарайды, Эрик, жеткілікті», -деп айтатын.

Тен Хагтың досы Леон тен Вурде

Ауру қалса да, әдет қалмайды дегендей, Эрик жасы ұлғайсада, әркіммен айтыса берді. Тен Хагпен жұмыс істеген бапкерлердің бірі оны осы қылығыүшін бірнеше ойынға шеттеткен.

Эриктің әулеті аймақтағы ең ірі жылжымайтын мүлік жәнеқаржылық қызметтер бизнесіне иелік етті, бірақ тен Хаг бала кезінен бастап өзбетімен жұмыс істеуге дағдыланды. 12-13 жасында ол «Бонбойздан» «Твенте»академиясына ауысты. Бірақ ол жерге өзі ақша жинап, сатып алған велосипедіменқатынауға тура келді.

Тен Хаг ойыншы ретіндегі мансабын 32 жасында аяқтады жәнебірден «Твенте» академиясына жаттықтырушы болып жұмысқа орналасты. Осыдан кейінголландиялық маман әртүрлі жастағы командаларды жаттықтырып, жоғары нәтижелергеқол жеткізді. Ал 2008 жылы клубты Англия құрамасының бұрынғы жаттықтырушысыСтив Макларен тізгіндеді. Қажырлы түрде еңбек етіп жүрген Эрик бірденМаклареннің көзіне түседі.

«Ол маусымалды оқу-жаттығу жиынындағы алты аптаның жоспары жазылған үлкен папка әкелді. Сенесіз бе, ол жерде ұсақ-түйек нәрседен бастап жеке жаттығуларға дейін әр күннің әр минутына арналған жоспарлар бар екен. Мен бұған дейін де, одан кейін де мұндайды көрген емеспін», - деп таңырқады Стив Макларен.

Осыдан кейін «Манчестер Юнайтед» бас бапкер қызметінероботты тағайындап жатыр ма деген ой келед. 2019 жылдың наурыз айында «Аякс» «РеалМадридті» 4:1 есебімен жеңіп, Чемпиондар лигасының ширек финалына өтті, бірақМадридтен Амстердамға қайтқан кезде тен Хаг жеңісті тойламай, «Фортуна Ситтард»клубының ойынын талдаған екен. Нәтижесінде «Аякс» бңрнеше күннен кейін бұлкоманданы 4:0 есебімен жеңді.

«Ол матчтарда орын алуы мүмкін ұсақ-түйек нәрселерді де ойластырып қоятын. Мен бұған дейін футболды жақсы талдаймын деп ойлап жүрдім, бірақ онымен салыстырғанда мен түкке тұрғысыз адам болдым. Эрик ешкім көрмеген нәрселерді байқайды. Мен сэр Алекспен бірге жұмыс істедім және оның матч барысында жасаған ауысымдарының сырын түсінбедім, бірақ ол ойынға қосқан футболшылар әрқашан нәтиже көрсететін. Эриктің де осындай қасиеті бар», - деді Макларен.

2012 жылы ол алғаш рет команданы өз бетімен басқаруғашешім қабылдады және екінші дивизиондағы «Гоу Эхед Иглс» командасымен келісім-шартқаотырды. Аталмыш клуб 1996 жылдан бері Эредивизияда өнер көрсетпеді, бірақ Эриколарды алғашқы маусымында-ақ жоғары дивизионға шығарды.

Осы жетістіктен кейін, тен Хаг Эредивизиядағы команданыжаттықтырады деп болжанды, бірақ ол Германияның төртінші дивизионындағы «Баварияның»қосалқы командасына жұмысқа орналасты. Мюнхенде ол Пеп Гвардиоланың жұмысынбақылап, одан көп нәрсе үйренуге мүмкіндік алды. Ең бастысы, ол БАҚ пенжанкүйерлердің қысымына қарамай, топ-клубта жұмыс істеу бақытына ие болды.

2015 жылы Эрик Нидерландыға оралды және ел біріншілігіндегі«Утрехт» командасын тізгіндеді, бұл жерде ол өзі үйренген әдістерін пайдаланабастады. Дәл осы сәтте Эрик баспасөз мәслихатында қалай сөйлеу керектігінбілмеді. Бірақ уақыт өте келе голландиялық маман ораторлық қабілетінжетілдіріп, «шешендік өнерді» толық меңгерді. Екі жылдан кейін тен Хаг «Аякс»клубымен келісім-шартқа отырды.

«Аякс» бапкері бұған дейін жоғары лигаларда алпауыткомандалармен және жұлдызды ойыншылармен жұмыс істемеген, сондықтан манчестерлікклуб үлкен тәуекелге барды. Бірақ Эрик Голландия чемпиондарымен шабуылдаушыфутболдың не екенін көрсетті, ал 2019 жылы ол команданы Чемпиондар лигасыныңфиналына шығара жаздады.

Жергілікті тілшінің «Сіз жұлдызды ойыншылармен жұмысістей аласыз ба?» деген сұрағына тен Хаг былай жауап берді.

«Мен әрқашан өзіммен-өзім боламын және бапкерлік жұмысқа деген көзқарасымды өзгертпеймін. Командадағы ойыншылардың деңгейі бапкер қойған ойынға байланысты, бірақ мен ойыншыларға қойылатын жалпы талаптар мен олар тап болған қиындықтарды бақылаймын. Ойыншыға қандай міндет жүктелетінін мен айтамын. Егер кімде-кім өз жұмысын істемесе, ол маған керек емес. Мен бұл мәселеде ымыраға келмеймін. Өзіне жүктелген міндетті орындамаған ойыншымен жұмыс істемеймін».

«Манчестер Юнайтедке» тен Хаг Амстердамдағы тактиканыкөшіріп әкеледі деп күтпеу керек. Бапкер қорғаныс пен шабуылдың арасындағытепе-теңдікті қалыпқа келтіріп, әр ойыншыны өзінің ойын стиліне бейімдеуікерек.

The Mirror порталының хабарлауынша, 52 жастағыголландиялық маман жақын арада «Манчестер Юнайтед» ойыншыларымен жекесөйлеспекші. Осылайша, тен Хаг команданы қайта жасақтауды жоспарлап отыр. Ол алдағыүш апта ішінде әрбір ойыншымен, соның ішінде келісім-шарт мерзімі біткен футболшыларменде Zoom арқылы сөйлесуді жоспарлап отыр. Бұл сұхбаттар арқылы ол командаға жаңакапитан тағайындамақ.

Тен Хаг Гвардиоладан бір жас үлкен, бірақ Еуропаның үздікчемпионатында әлі жұмыс істеген жоқ. Сондықтан оның біліктілігіне күмәнкелтірушілер көп, өйткені әр апта сайын «Виллем» мен «Хераклесты» жеңу Еуропамен Англиядағы майданда күресумен бірдей емес. Дегенмен «Аякстың» Чемпиондарлигасындағы нәтижелері бұл күмәнді жоққа шығарады – голландиялық маман кәріқұрлықтың басты додасында алпауыт командалармен клубтармен бәсекеге түсеалатынын дәлелдеді.

2018/2019 жылғы маусымда «Аякс» титул иегерлері «РеалМадридті» және Италия чемпионы «Ювентусты» тізе бүктірді, ал топтық кезеңдеГермания чемпионы «Бавариямен» екі рет тең түсті. Ал биыл амстердамдық клубтоптық кезеңдегі алты ойынның барлығында жеңіске жетті, бірақ 1/8 финалда «Бенфикаға»жол берді.

Эрик Голландия кубогінің финалында ПСВ-ны жеңіп,Амстердамнан жоғары көңіл-күймен кеткісі келді. Бірақ оның командасы 2:1есебімен жеңіліп қалды. Десек те, тен Хагта маусымды титулмен аяқтау мүмкіндігіәлі де бар. «Аякс» ел біріншілігінде 75 ұпаймен көш бастап келеді. Сондықтан 52жастағы маман Тұманды Альбионға үш дүркін Нидерланды чемпионы ретінде келуімүмкін.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте