ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Глеб Бакшимен Ресейде оқу-жаттығу жиынында кездескенбіз. Әбілхан Аманқұл Азия чемпионаты мен Олимпиада ойындарына дайындығы туралы айтты

Глеб Бакшимен Ресейде оқу-жаттығу жиынында кездескенбіз. Әбілхан Аманқұл Азия чемпионаты мен Олимпиада ойындарына дайындығы туралы айтты

Бокстан 75 келідегі Қазақстан құрамасының мүшесі Әбілхан Аманқұл Дубайға аттанып кетті. Ол алдағы Азия чемпионатына қатысады. Одан кейін шілде айында Олимпиада ойындары күтіп тұр. Боксшы Meta-ratings.kz cайтының тілшісі Бек Төлеуовке берген сұхбатында осы екі бәсекеге қатысты дайындығы мен бұл салмақтағы үздік боксшылар туралы пікірін білдірді.

– Әбілхан, Азия чемпионатына дайындық қалай болды?

– Азия чемпионатына дайындық өте қарқыны жүрді. Осы жақында жігіттердің барлығы жарыстан келді. Біз өзіміз де халықаралық додаларға қатыстық. Оның бәрі пайдасы тиді. Дубайға аттанар алдында бір апта елорда соңғы дайындығымызды пысықтадық. Бұйырса, Азия чемпионатында жүлделі орын алуға тырысамыз.

– Соңғы жылдары жарақатына байланысты көптеген жарыстарға қатыса алмағанынды білеміз. Енді ол күндердің бәрі артта қалды деуге бола ма?

– Бұл жарақатым 2018 жылы болған. Бокс федерациясының басшылары Германияға жіберіп емдетті. Ота жасады. Барлығы жақсы болған. Емделдім, одан кейін ұзақ уақыт демалдым. Қазір аллаға шүкір бәрі жақсы. Бір қалыпты.

– Карантин уақытында спортшыларға да қиын болғаны жасырын емес. Бабыңды жоғалтпау үшін қандай амалдар жасадың?

– Бірінші карантин уақытында үйден жаттық. Басқа мүмкіндік болмады. Одан кейін бапкерлеріміз видеоқоңырау арқылы нұсқаулықтарын айтып тұрды. Сол бойынша жаттығу жасадық. Кейін кешке далаға шығып, жүгіріп жүрдік.

Әбілхан Аманқұл

– Азия чемпионатындағы басты қарсыластарының бірі – филиппиндік Эумир Феликс Марсиаль. Осы жолы кездесіп жатсаң, есе қайтаруға дайынсың ба?

– Иә, ол жігітпен Олимпиадаға лицензия үлестірген жарыста кездесіп, ұтылып қалғанмын. Алла қаласа есемді қайтаруға тырысамын. Дайындық бар. Менің салмағым да жалғыз ол емес, басқа да мықтылар бар. Мысалы, Өзбек, Қытай боксшыларын ерекше айтуға боалдды. Барлығына дайындалдық. Әрқарсыласқа тактикамызды қойып шығамыз.

– Азия чемпионатынан кейін Олимпиада күтіп тұр. Токиодағы қарсыластарың жайлы не айтасың?

– Бапкеріміз екеуіміз 75 келідегі боксшылардың барлығын видеоларын көреміз. Оның ішінде мықтыларға ерекше назар аударамыз. Соңғы әлем чемпионатында топ жарған ресейлік Глеб Бакши, украиналық Олександр Хижняктар секілді боксшылар да қазір нағыз бабында жүр. Ресейдегі оқу-жаттығу жиынына барғанда Глеб Бакшимен спарринг кездесу де өткізіп көрдік. Барлығына дайындалып жатырмыз. Олимпиадада қолымыздан келгеннің бәрін саламыз.

Бек Төлеуов

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте