ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Герд Мюллер - футбол тарихына есімі алтын әріптермен жазылған тұлға

Әлемдік футболдағы ең үздік сұрмергендердің бірі Герд Мюллер 75 жасында өмірден озды. Мүмкін болған жүлденің бәрін жеңген неміс футболшысының өмірі жайлы Meta-ratings.kz тілшісі әңгіме қозғамақ.

Герд Мюллер

Мюллер Германия құрамасымен әлем және Еуропа чемпионаттарында топ жарды, «Бавариямен» үш рет Еуропа чемпиондарының кубогін, төрт рет Германия чемпионатын, екі рет «Алтын бутсы» және бір рет «Алтын допты» жеңіп алды. Оны неміс ұлтының сұрмергені деп атады - Герд ұлттық құрамада 62 ойында 68 гол, ал «Бавария» сапында 607 ойында 566 гол соқты. Мюллердің тарихи рекорды (Бундеслиганың бір маусымында 40 гол соққан) жарты ғасыр бойы сақталып келді, оны өткен маусымда Роберт Левандовски бұзды.

Мюллердің трофей жеңіп алған сәті

«Сіз шабуылшыға гол соғуды үйрете алмайсыз. Сізде түйсік болу керек, бәрін тез жасап, екі аяғыңызбен де тебе алуыңыз керек. Шабуылшы өзінің түйсігіне сенуі керек. Бұл позицияда тұрып ойланамын дегенше, жеңілдім дей бер. Менің мансабымда доп командаластарымда болғанына қарамай, қарсыластың қозғалысын оқып, қай аймақта ашық кеңістік болатынын болжай отырып, гол соққан кездерім көп болды. Кейде маған гол соғу үшін күш салудың қажеті де болмады», - деп Мюллер өзінен кейінгі шабуылшыларға ақыл-кеңесін айтып кетті.

Мюллер 15 жасында мектепті тастап, тоқыма фабрикасында жұмыс істеді. «Бавария» оны сатып алғанға дейін тек демалыс күндері әуесқойлар арасында доп тепкен.

Жүк көлігінің жүргізушісі мен үй шаруасындағы әйелдің баласы Герд Мюллер ешқашан мектепте толық оқымаған - ол 15 жасында әкесі қайтыс болған кезде оқуын тастап кеткен. Отбасымды асыраймын деп, тоқыма фабрикасына жұмысқа кетті және бос уақытын өзінің сүйікті хоббиі - футболға арнады. Герд әуесқойлар деңгейінде «Нёрдлинген» деп аталатын жасөспірімдер командасында ойнады және ол жақсы өнер көрсетті: 180 матчта 204 гол соқты. Мюллер сәл ебедейсіз және қосымша салмағы болса да, «Баварияны» өзінің гол соға алатын қасиетімен қызықтырды - 1964 жылы мюнхендік клуб оны бірнеше мың маркаға сатып алды.

Герд бұл трансферге оңай келісті, бірақ көп өтпей өкіне бастады: жаттықтырушы Златко Чайковский бойы қысқа және толықтау келген Мюллерді негізгі құрамда шығарудан бас тартты. Ойын тәжірибесінің болмауына байланысты жаңадан келген Мюллерге ақша жетіспеді - ол жүк тасып, қосымша ақша табуға мәжбүр болды және тоқыма фабрикасына қайта оралу туралы ойлана бастады. Бірақ клуб президенті жаттықтырушыға өз дегенін жасатты және содан кейін Герд тұрақты түрде негізгі құрамда ойнай бастады.

Мюллер кәсіби деңгейдегі алғашқы маусымының өзінде клубтың үздік сұрмергені болды.

Ол 15 жылын «Баварияда» өткізді, бұл оның өміріндегі ең жарқын сәттер болды, ол клубпен де, ұлттық құрамамен де үлкен жетістіктерге қол жеткізді.

«Беккенбауэр де, Зеелер де неміс футболы үшін Мюллерге қарағанда көп нәрсе істемеді. 1954 жылғы әлем чемпионатында ұлттық құраманы жеңіске жетелеген Фриц Вальтерден кейін, Герд осы елдің ең бағалы ойыншысы болды және солай болып қала береді. Ол «Бавария» мен Германия құрамасының ХХІ ғасырдағы барлық жеңістерінің негізі болып табылады», - деді бір кездері аты аңызға айналған футболшы Пауль Брайтнер.

Мюллер Германия құрамасында

Мюллер мансабын аяқтағаннан кейін депрессияға түсіп, ішімдікке салынды. Оған бұрынғы командаласы «Бавария» клубынан жұмыс тауып берді.

1979 жылы Мюллер «Форт-Лодердейл Страйкес» клубының шақыртуымен мансабын аяқтау үшін АҚШ-қа аттанды. Футболмен қатар Герд бизнесті қатар алып жүргісі келді. Ол мейрамхана ашты, бірақ бұл ісі нәтиже бермеді, сод себепті мекемені жабуға тура келді. Мансабының аяқталуы, жинақталған қарыздар және әйелімен ажырасу секілді мәселелер Мюллерге ауыр тиді, ол шарап бөтелкесінен жұбаныш іздей бастады және он жыл бойы ішімдікке тәуелді болды.

1991 жылы Мюнхеннің жанындағы оңалту орталығында Мюллерді емдеткен бұрынғы командаласы Ули Хёнесс оған көмек қолын созды. Герд сәтті емделіп шықты, содан кейін дәл сол досының арқасында «Бавария II» командасының жаттықтырушысы болды. Бұл лауазымда ол 22 жыл жұмыс істеді. Егер 2011 жылы дертке шалдықпағанда, бұл қызметін жалғастыра беретін еді.

Мюллер "Бавария" жастар командасының жаттықтырушысы ретінде

2011 жылдан бастап Мюллер Альцгеймер ауруымен ауырды, ал 2015 жылдан бастап қарттар үйінде тұрды.

Командасымен бірге басқа қалаға аттанған кезде Мюллер қонақүйге өзім жетемін деп, адасып кетті. Ақыр соңында оны тауып алып, медициналық тексерістен өту үшін Мюнхенге жіберді. Гердке сол кезде диагноз қойылды, бірақ «Бавария» оны төрт жыл бойы жасырып келді - клуб ресми түрде аңыздың ауруы туралы тек 2015 жылдың күзінде хабарлады, ол кезде үйінде емделіп жатқан Мюллер қарттар үйіне ауыстырылған еді.

Бір жыл бұрын оның жағдайы нашарлады.

«Ол тәулігіне 24 сағат ұйықтайды, оның оянатын сәттері сирек болады. Көзін сәл ашса, қуанатын едік. Кейде ол кірпігін қимылдату арқылы «иә» немесе «жоқ» деп ымдайтын. Өмірінің аяқталуына да аз уақыт қалған секілді», - деді Мюллердің әйелі өткен күзде Bild басылымына берген сұхбатында.

Ал кеше таңертең оның өмірден озғаны туралы қаралы хабар келді.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте