ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Франция чемпионы атанғанымен, еурокубокте жолы болмаған бапкер ПСЖ-ның арманын орындай ала ма?

5 шілдеде ПСЖ Маурисио Почеттиноның қызметінен кеткенін және Кристоф Галтьенің бас бапкер лауазымына тағайындалғанын хабарлады. Осы ретте Meta-ratings.kz тілшісі жаңа жаттықтырушы туралы мәліметтерді жинақтап көрді.

Кристоф Галтье

ПСЖ қожайыны Нассер Аль-Хелаифи бұған дейінгі сәтсіздіктердің бәріне спорт директоры Леонардоны кінәлі деп тауып, клубтан қуды. Оның орнын 2021 жылы «Лилльді» Франция чемпионы еткен португалиялық маман Луиш Кампуш басты.

Луиш Кампуш

Кампуштың футбол әлемінде тәжірибесі мол. Ол Жозе Моуриньоның кезінде «Реал Мадридте» скаут болып жұмыс істеді. 2013 жылдың ортасында Луиш «Монакоға» ауысып, спорттық кеңесші ретінде еңбек ете бастады. Бір жылдан кейін франциялық клубтың спорттық директоры болып тағайындалды. Оның кезінде «Монакода» Радамель Фалькао, Жоао Моутиньо, Фабиньо, Хамес Родригес, Антони Марсьяль, Рикардо Карвалью, Бернарду Силва, Тьемуэ Бакайоко, Жофрей Кондогбия, Тома Лемар секілді ойыншылардың жұлдызы жанды. Екінші командада жүрген Килиан Мбаппені негізгі құрамға қосып, мүмкіндік бергенін ең басты жетістігі ретінде атауға болады. Кампуштың кезінде «Монако» Франция чемпионы атанды. Осыдан кейін португалиялық маман жоғарыда аталған ойыншыларды сатып, клуб қаржысын толықтырды. Себебі оларды сол кезде командада ұстап қалу мүмкін емес еді.

Мбаппе және Кампуш

2016 жылы Кампуш «Монакодан» кетіп, үзіліс алды. Бір жылдан кейін «Лилльге» келіп, тағы да Франция чемпионатында топ жара алатындай құрам жасақтай бастады. Келе салып, бас бапкер қызметіне «Сент-Этьенді» жаттықтырып жүрген Кристоф Галтьені тағайындады. Асықпай жүріп, анық басқан «Лилль» ақыры өз дегендеріне жетті. 2021 жылы клуб Франция чемпионы атанды. Сол сәтте «Лилль» клубында үлкен өзгерістер болып, басшылық ауысты. Осыдан кейін Луиш Кампуш пен Кристоф Галтье жеткен жетістігіне қарамастан, өз орындарын босатты.

Франция біріншілігінің үздік бапкері атанған Галтье көп демалған жоқ. Лига 1-де өнер көрсететін «Ницца» франциялық маманды өз қатарына қосты. Ал Луиш Кампуш екі жылдық үзілістен кейін Түркияға сапар шегіп, «Галатасарай» клубына кеңесші болып бекітілді. Ол жақта екі ай ғана жұмыс жасап, «Сельта» клубына қосылды.

Біз париждік клубтың жаңа спорттық директоры жайлы сөз қозғадық. Енді бас бапкер Кристоф Галтьеге тоқтала кетейік.

  • Галтье Зинедин Зидан сияқты Марсельде дүниеге келген. Бірақ Кристоф Зизу секілді танымал болған жоқ. Орталық қорғаушы позициясында ойнаған Галтье Франция жастар құрамасымен 1988 жылғы Еуропа біріншілігінде топ жарды, бірақ негізгі командаға деңгейі жетпеді.
  • Бас бапкер ретіндегі мансабын бастамас бұрын Галтье 10 жыл бойы әртүрлі командаларда, тіпті әртүрлі елдерде бапкердің көмекшісі болып жұмыс істеді. Нақтырақ айтсақ, «Марсельде», «Аристе» (Грекия), «Бастияда», «Аль-Айнда» (БАӘ), «Портсмутта» (Англия), «Сошода», «Лионда» және «Сент-Этьенде» тәжірибе жинақтады. Кристоф «Лионда» Ален Перреннің көмекшісі ретінде 2008 жылы Франция чемпионы атанды.
Галтье
  • ПСЖ - Галтьенің бас бапкер ретінде жұмыс істегелі жатқан төртінші клубы ғана. Бір қызығы, ол 2009 жылы «Сент-Этьенді» және 2017 жылы «Лилльді» қабылдаған кезде бұл командалар 18-орында тұрған. Кристоф бара салысымен екі клубты да жоғары дивизионда алып қалды. Галтьенің жетекшілігімен «Сент-Этьен» жеті жыл бойы алғашқы ондықтан түспеді, тіпті үздік төрттікке де кірді.
  • Франциялық маман 2012/2013 жылғы маусымда бас бапкер ретінде өзінің алғашқы жүлдесін жеңіп алды. «Сент-Этьен» финалда «Реннді» 1:0 есебімен жеңіп, Лига кубогіне ие болды. Галтьенің тұсында клубтан Пьер-Эмерик Обамеянг, Курт Зума секілді мықты ойыншылар шықты.
Лилль
  • 2020/2021 жылғы маусымда Галтье жаттықтыратын «Лилль» командасы Еуропа футболындағы ең үлкен сенсациялардың бірін жасады. Чемпиондық үшін күресте «Лилль» Мбаппе мен Неймары бар ПСЖ-дан басым түсті.
  • «Ниццамен» де француз бапкері тәп-тәуір нәтиже көрсетті. Оның тұсында команда Лига 1-де тоғызыншы орыннан бесінші орынға көтерілді. Сонымен қатар Франция кубогінің финалына дейін жетті, алайда, «Нантқа» есе жіберді (0:1).
  • Соңғы жылдары Галтье ПСЖ үшін алынбас қамалға айналды. Лига 1-дің соңғы екі маусымында «Лилль» мен «Ницца» париждік клубқа қарсы өткен төрт матчтың ешқайсысында жеңілген жоқ (екі жеңіс, екі тең ойын). Одан бөлек, 2022 жылдың қаңтарында «Ницца» Франция кубогінің 1/8 финалында «Парк де Пренс» стадионында «ПСЖ» командасын жарыс жолынан шығарды.
Галтье
  • 55 жастағы маманның еурокубокте жолы болмауда. «Лилль» Чемпиондар лигасының 2019/2020 жылғы маусымында «Челси», «Аякс» және «Валенсиямен» бір топқа түсіп, бір ғана ұпай жинады. Еуропа лигасында «Сент-Этьен» (екі рет) және «Лилльмен» (бір рет) 1/16 финалға дейін жеткенін ең үздік нәтижесі деп көрсетуге болады.
  • L'Equipe порталының мәліметінше, Кристофтың «Ниццадағы» бір айлық жалақысы 330 мың еуроны құраған. Яғни ПСЖ-дағы Почеттинодан (1,1 миллион еуро) үш есе аз алған екен.
Галтье және Кампуш

Араға бір жыл салып Кампуш пен Галтьенің жолы қайта тоғысты. Бұл жолы олар ПСЖ-ны тек Франция чемпионы етіп қана қоймай, Насер шейхтің арманын орындауы тиіс. Яғни, жұлдызды құраммен Чемпиондар лигасын жеңіп алуы керек.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте