Выбор пользователей

Елеуов, Головкин, Ахмедов. Жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан атынан кімдер топ жарған

Польшаның Кельце қаласында бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтті. Бұл біріншілік негізі 2020 жылдың 2-9 қарашасы аралығында ұйымдастырылуы тиіс еді. Алайда пандемияға байланысты кейінге шегерілген болатын. Дегенмен, чемпионат Қазақстан құрамасы үшін сәтті болды. 

2004 жыл

Шығыс Еуропаға Қазақстаннан 20 боксшы барды. Олардың арасында ұлдардан Санжар Ташкенбай (49 келі) мен Сабыржан Аққалықов (64 келі) қарсылас шыдатпай, жеңімпаз атанды.Елнұр Сүйінбай (60 келі) мен Ерболат Сабыр (56 келі) финалда жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды. Тағы бір боксшымыз Диас Молжігітов (75 келі) қола жүлдеге қол жеткізді. Қыздардан Жұлдыз Шаяхметова (60 келі) мен Дана Дидай (75 келі) күміс жүлдегер болды.

Осы ретте тарихқа көз жүгіртіп өтсек. Жастар арасындағы әлем чемпионатының тарихы 1979 жылдан бастау алады. Сол кезде Жапонияның Иокогома қаласында ұйымдастырылған. Қазақстан тәуелсіз ел ретінде 1994 жылдан бері қатыса бастады. Түркияның Ыстамбұл қаласында жиналған дүниежүзілік жастар арасындағы біріншілікте 5 бірдей боксшымыз жүлдеге ілікті. Бір қызығы, бесеуі де қола медаль еді. Үздік үштікке ілінгендердің қатарында Александр Цой (54 келі), Талғат Қалимов (60 келі), Асан Сексенбаев (63, 5 келі), Данияр Мұңайтпасов (67 келі) және Руслан Зумаев (81 келі) бар.  

1996 жылы Кубаның Гавана қаласынан екі медаль бұйырды. Атап айтсақ, 60 келідегі Батырхан Жақсыбаев күміс медаль алса, 51 келі салмақтағы Құралбек Бұқаров қола жүлдені қанағат тұтты. 

1998 жыл

1998 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионаты қазақ боксының жанкүйерлерінің ерекшке есінде қалды. Өйткені алғаш рет елімізден жастар арасындағы әлем чемпионы шықты. Қарағандының тумасы Серік Елеуов 51 келіде топ жарды. Ол финалда ресейлік Георгий Балакшинді 7:0 есебімен ойсырата жеңді. Балакшин кейіннен Олимпиада, әлем чемпионаттарынан жүлде алды. Еуропаны үш рет бағындырды. Сонымен қатар, Буэнос-Айрестегі біріншіліктің тағы бір есте қалатын тұсы, марқұм Бекзат Саттарханов ең алғаш осында жарқырап көрінген болатын. Болашақ Сидней Олимпиадасының чемпионы 54 келіге дейін салмақта финалға алқынбай жетті. Ширек финалда кейіннен әуесқой және кәсіпқой бокстың ең биік шыңын бағындырған кубалық Гилермо Ригондо Ористі қапы қалдырғаны бар. Тек алтынға қол созым жерде украиналық Сервин Сулеймановқа есе жіберіп алды. Тағы бір күміс +91 келі салмақтағы Павел Сторожуктың еншісінде. Эрвин Сулеймановты жақсылап тұрып сабағанымен, төрешілер тағы да әділетсіздік танытты. Аман Батырбаев (48 кило), Бауыржан Қайырменов (75 кило) және Олжас Оразалиев (81 кило) қола медальды иеленді.

2000 жылы Венгрияның Будапешт қаласында Геннадий Головкин 63, 5 келіде талайларды тамсанып, тұғырдың ең жоғары сатысына көтерілді. Ал Берік Серікбаев (48 кило), Ұлан Сауытбаев (54 кило) және Рустам Іргебаев (+91 кило) Қазақстан қоржынын қола жүлдемен толтырды.

Геннадий Головкин командаластарымен бірге

Арада 2 жыл өткенде Кубаның тағы бір қаласы, нақтырақ айтқанда Сантьяго де Куба әлем чемпионатын қабылдады. Сұлтан Костоев бастап барған құрама 4 медаль еншіледі. Оның үшеуі финалда жұдырықтасты. Шешуші сында жергілікті боксшы Вильер Киононездің осал тұсын тапқан Қанат Ілиясов 63,5 келіде жеңімпаз атанды. Финалда кубалықтарға есе жіберген митрий Готфрид (75 кило) пен Ербол Бабаев (+91 кило) күмісті қанағат тұтты. Александр Нильгаға (91 кило) қола медаль бұйырды.

Оңтүстік Кореяның бокстан жарыстарды жиі өткізіп тұратын қаласы бар. Ол –Чеджу. Дәл осы Чеджу 2004 жылы жастардың әлем чемпионатын қабылдады. Мұнда Елдос Сайдалин (51 кило), Еркебұлан Жұманбаев (57 кило) және Владимир Ульянов (64 кило) үштігі қола медальмен оралды.

2006 жылы Маракконың Агадир қаласындағы әлем біріншілігінде үш өреніміз финалға жеткен. Бірақ бірде-біреуі алтынға қол жеткізе алмады. Ең жеңіл салмақтағы Олжас Сәттібаев шешуші кезеңде кубалық Алексей Колладоға есе жіберді. 60 келідегі Азамат Смағұлов финалда болашақ Олимпиада чемпионы кубалық Роньель Иглесиас Сотолонгоның мықтылығын мойындады. Еркебұлан Шынәлиев (81 келі) ресейлік Яндиевтен жеңіліп қалды. Қола медаль 51 келідегі Данияр Төлегеновке бұйырды.

Иглесиас Сотолонго

2008 жылы Мексиканың Гвадалахар қаласындағы чемпионаттан елорданың намысын қорғаған екі боксшымыз жүлделі оралды. Болашақ қазақ боксының жұлдызы Данияр Елеусінов (60 келі) пен Иван Дычко (91 келіге дейін) күміс медальға ие болды.

Ал 2010 жылы Әзербайжанның Баку қаласынан қоржынымыз бос келді. Сол жылдары отандық бокстың ең бір қиын кезеңі болатын. Тарихта алғаш рет бірде-бір жүлде бұйырмады. Негізі Бакуге барған құрамның боксшылары осал емес еді. Кейіннен ересектер арасында әлем чемпионы атанған Жәнібек Әлімханұлы ширек финалдан қайтты. Одан бөлек, Жомарт Ержан, Мейірім Нұрсұлтанов та қатысқан болатын. 

Одан кейінгі 2012 жылғы әлем чемпионатын Әзербайжанның көршісі Армения мемлекеті өткізді. Еревандағы біріншілік те біз үшін сәтті өте қоймады. Жалғыз қола медаль 75 келідегі Дәулет Байғабатовқа бұйырды. Қалғандары бос қалды. 

Жастардың еңсе тіктегені 2014 жылы болды. Болгарияның Софья қаласында Қазақстан жалпы командалық есепте бірінші орын алды. Сол кезде жастар құрамасын қазіргі ұлттық құраманың бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев бастап барған болатын. Жерлестеріміз екі алтынға қол жеткізді. Ең жеңіл салмақтағы Шалқар Айқынбай финалда өзбекстандық Сүлеймен Латиповтың осал тұсын тапты. Сол секілді биыл Токио Олимпиадасына қатысатын Абылайхан Жүсіпов 60 келіде топ жарды. Қарағандылық боксшы финалда румыниялық Арсен Мустафаны 3:0 есебімен жеңді. Ал 56 келіде жұдырықтасқан Сұлтан Зәуірбек кубалық Хавьер Иванеске есе жіберіп, күміс медаль алды. Сол секілді 81 келідегі Вадим Казаков шешуші кезеңде болгар Благо Найданевтен ұтылып, екінші орынды қанағат тұтты.

Садриддин Ахмедов - жастар арасындағы әлем чемпионы

2016 жылы Ресейдің Санкт-Петербург қаласынан 4 жүлдеге қол жеткіздік. Осы күні кәсіпқой бокста жүрген Садриддин Ахмедов 69 келіде қарсылас шыдатпаса, 75 келідегі Бек Нұрмағанбет финалда шотландиялық Вилли Хатчинсоннан ұтылып, екінші орынға тұрақтады. Қола медаль 56 келідегі Саматәлі Төлтаев пен 81 келідегі Бекзат Нұрдәулетовке тиесілі.

2018 жылы Венгрияның Будапешт қаласындағы әлем чемпионаты да табысты болды. Ағайынды Оралбайлардың сыңары Нұрбек Оралбай 75 келіде чемпион атанды. Ал Ермахан Жақпеков (69 келі), Сағындық Тоғамбай (81 келі), Айбек Оралбай (91 келі), Дамир Тойбай (+91 келі) күміс медальға ие болды. Бүгінгі таңдағы еліміздегі ең талантты жас боксшылардың бірі саналатын Махмұд Самырхан қола жүлдені қанағат тұтты.

Бек Төлеуов

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Матч-центр
Live
Футбол
Турция Суперлига
Газиантеп
1:0
Ризерспор
Газиантеп — Ризерспор
Live
Футбол
Турция Суперлига
Антальяспор
1:0
Галатасарай
Антальяспор — Галатасарай
Live
Футбол
Беларусь Премьер-лига
Arsenal Dzerzhinsk
0:2
Энергетик-БГУ
Arsenal Dzerzhinsk — Энергетик-БГУ
22:00
Футбол
Испания Примера
Реал Мадрид
-:-
Бетис
Реал Мадрид — Бетис
22:00
Футбол
Испания Примера
Райо Вальекано
-:-
Леванте
Райо Вальекано — Леванте
21:45
Футбол
Италия Серия А
Торино
-:-
Рома
Торино — Рома

Статьи по теме